Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет217/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

Аластамалардың синтаксисі
try
түйінді сөзі бақылаудағы блокты белгілеу үшін қолданылады, мұндағы 
бақылаудағы блок – аластама генерациялануы мүмкін болатын программа 
коды. Блок жүйелі жақшаларға алынып жазылады:
try{
....
}
try
-блоктан тікелей немесе жанамалы түрде шақырылатын барлық функ-
циялар оған тиісті болып саналады.
Аластаманың генерациясы (туындауы) 
throw
түйінді сөзі арқылы 
орындалады, ол параметрмен бірге де немесе параметрсіз де қолданыла 
береді:
throw [ өрнек ];
throw 
сөзінен кейін орналасатын өрнектің типі туындайтын аластаманың 
типін анықтайды. Аластама генерацияланған кезде ағымдағы блоктың орын-
16-1140


242
далуы тоқтатылады да, соған сəйкес келетін өңдеуіш ізделіп, оған басқару 
беріледі. Көбінесе аластама тікелей 
try
-блокта емес, оған тура немесе жанама 
түрде қабаттастырылып енгізілген функцияларда генерацияланады
Ішкі блокта пайда болған аластама əрқашан бірден дұрыс өңделе бермейді. 
Мұндайда қабаттасқан бақылаудағы блоктар қолданылады да, аластама 
параметрсіз 
throw
түйінді сөзінің көмегімен жоғары орналасқан деңгейге 
беріледі.
Аластамаларды өңдеу 
catch
түйінді сөзінен басталады да, оның арты-
нан өңделетін аластама типі жазылады. Олар тікелей 
try
-блоктан кейін ор-
наласуы тиіс. Өңделетін аластамалар типтеріне сəйкес бір немесе бірнеше 
өңдеуіштерді жазуға болады. Өңдеуіштердің синтаксисі аластама типіндегі 
бір параметрі бар функцияның анықтамасына ұқсас болады. Өңдеуіштер 
синтаксисін жазудың үш формасы бар: 
catch(тип атауы){ ... /* өңдеуіш тұлғасы */ } 
catch(тип){ ... /* өңдеуіш тұлғасы*/ } 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет