Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Бірөлшемді жəне екіөлшемді жиымдар



Pdf көрінісі
бет221/642
Дата30.03.2022
өлшемі3,66 Mb.
#29231
түріПрограмма
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   642
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

Бірөлшемді жəне екіөлшемді жиымдар

1-нұсқа

Жазықтықта екі дөңес көпбұрыш төбелерінің координаталары арқылы 

төбелерінің тізбектеле орналасқан (шекараны бойлау) реттілігімен берілген. 

Көпбұрыштардың аудандарын анықтап, олардың біреуі екіншісінің ішіне 

толығымен кіретіндігін анықтау қажет.

2-нұсқа

Жазықтықта берілген нүктелер жиынынан əртүрлі үш нүктені келесі 

шартты қанағаттандыратындай етіп таңдаңыз: осы үш нүкте арқылы өтетін 

шеңбермен шектелген дөңгелектің ауданы мен төбелері осы үш нүктеде 

орналасқан үшбұрыш ауданының айырмасы минималды болуы тиіс.

3-нұсқа

Жазықтықта екі нүктелер жиыны берілген. Бірінші жиыннан əртүрлі үш 

нүктені осы нүктелер арқылы өтетін шеңбермен шектелген дөңгелек екінші 

жиынның барлық нүктелерін қамтитындай жəне оның ауданы минималды бо-

латындай етіп таңдау керек.

4-нұсқа

Жазықтықта екі нүктелер жиыны берілген. Бірінші жиыннан əртүрлі төрт 

нүктені, төбелері осы нүктелерде жататын шаршы екінші жиынның барлық 

нүктелерін қамтитындай жəне ауданы минималды болатындай етіп таңдау 

керек.

5-нұсқа

Жазықтықта екі нүктелер жиыны берілген. Бірінші жиыннан əртүрлі 

үш нүктені төбелері осы нүктелерде жататын үшбұрыш екінші жиынның 

барлық нүктелерін қамтитындай жəне ауданы минималды болатындай етіп 

таңдау керек.

6-нұсқа

Жазықтықта екі нүктелер жиыны берілген. Бірінші жиынның  n (n>=3) 

нүктелерінен өтетін жəне өз құрамында бірінші мен екінші жиындардың 

сандары бірдей нүктелерін қамтитындай шеңбердің центрі мен радиусын 

табыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   642




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет