10-нұсқа
Жазықтықта берілген нүктелер жиынынан əртүрлі үш нүктені келесі
шарттар орындалатындай етіп таңдаңыз: төбелері осы нүктелерде жататын
үшбұрыштың ішінде жəне одан тыс жататын нүктелер сандарының айырмасы
минималды болуы керек.
11-нұсқа
Жазықтықта берілген нүктелер жиынынындағы кемінде əртүрлі үш
нүкте арқылы өтетін жəне өз ішінде осы жиынның барынша көп нүктелерін
қамтитын шеңбердің радиусы мен центрін анықтаңыз.
12-нұсқа
Жазықтықта А нүктелер жиыны мен онда жатпайтын d нүктесі берілген.
abcd төртбұрышы параллелограмм болатындай А жиынындағы əртүрлі рет-
телмеген a, b, c үштіктерінің санын анықтау қажет.
13-нұсқа
Жазықтықта А нүктелер жиыны мен В шеңберлер жиыны берілген. А жи-
ынынан əртүрлі екі нүктені келесі шарт орындалатындай етіп таңдаңыз: осы
екі нүкте арқылы өтетін түзу В жиынындағы шеңберлердің максималды саны-
мен қиылысуы керек.
14-нұсқа
Жазықтықта нүктелер жиыны берілген. Осы жиыннан шаршылардың
төбелері болып табылатын барлық төрт нүктелерді табу керек. Ішінде
жиынның ең көп нүктелер саны жататын шаршыны анықтаңыз.
15-нұсқа
Жазықтықта берілген нүктелер жиынындағы кемінде əртүрлі үш нүкте
арқылы өтетін шеңберлер сызып, солардың ішіндегі ең кіші радиусы бар
шеңбердің центрін табу қажет.
157
16-нұсқа
Төбелері жазықтықтағы берілген нүктелер жиынында жататын үш
үшбұрышты келесі шарт орындалатындай етіп құрыңыз: екінші үшбұрыш
бірінші үшбұрыштың, ал үшінші үшбұрыш екінші үшбұрыштың ішінде жа-
туы тиіс.
17-нұсқа
Жазықтықта нүктелер жиыны берілген. Төбелері осы нүктелер жиы-
нында жататын барлық мүмкін болатын үшбұрыштарды құрып, солардың
ішінен қабырғалары үшбұрыштардың максималды санымен қиылысатынын
табу керек.
18-нұсқа
Жазықтықта нүктелер жиыны мен радиусы R жəне центрі координаталар
басында жататын шеңбер берілген. Төбелері берілген жиын нүктелерінде жа-
татын жəне үш қабырғасы да берілген шеңбермен қиылысатындай барлық
үшбұрыштар жиынын құрып, солардың ішіндегі ең ауданы кіші үшбұрышты
табу керек.
19-нұсқа
Қабырғаларының ұзындықтары əртүрлі жəне төбелері жазықтықта
берілген жиын нүктелерінде жататын тең қабырғалы үшбұрыштар санын
есептеп, солардың қиылысатынын немесе қиылыспайтынын анықтау керек.
20-нұсқа
Үшөлшемді кеңістікте нүктелер жиыны берілген. Əрқайсысы берілген
əрбір үш нүктенің екеуін басып өтетіндей түрде екі жазықтық тұрғызып,
осындай жазықтықтар ішінен бір-біріне параллель емес жазықтықтардың
максималды ішкі жиынын табу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |