Пəтер алмастыру бюросының картотекасы сызықтық тізім түрінде
ұйымдастырылған.
Əрбір пəтер туралы төмендегі мəліметтер сақталады:
□ бөлмелер саны;
□ қабаты;
□ ауданы;
□ адресі (мекен-жайы).
Келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз ететін программа құрыңыз:
□ картотеканы бастапқы қалыптастыру;
□ пəтер алмастыруға тапсырыс енгізу;
□ картотекадан жарамды нұсқаны іздеу: бөлмелер саны мен қабаты бірдей,
ал аудандарының айырмашылығы 10% шегінде болған жағдайда сəйкес
картішке шығарылады жəне тізімнен өшіріледі, кері жағдайда түскен тапсы-
рыс тізімге қосылады;
□ тізімді толық шығару.
Программа меню көмегімен сұхбаттасуды жəне енгізу кезінде кеткен
қателерді тексеруді қамтамасыз етуі тиіс.