14-нұсқа
Ағылшын-қазақ сөздігі екілік бұтақ түрінде ұйымдастырылған.
Əрбір компонентте ағылшын тіліндегі сөз, оған сəйкес келетін қазақ
тіліндегі сөз жəне осы компонентті қолдану санауышы сақталады.
Бастапқы кезде бұтақ ағылшын алфавитіне сəйкес құрылады. Сөздікті
пайдалану барысында компонентті əрбір қолдану кезінде санауышқа бір
қосылады.
Келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз ететін программа құрыңыз:
□ пайдалану санауышының нақты мəндері бар сөздікті бастапқы енгізуді
қамтамасыз ету;
□ сөздіктің жаңа бейнесі келесі алгоритм бойынша екілік бұтақ түрінде
қалыптастырылады: а) ескі сөздіктен пайдалану санауышының мəні ең үлкен
болатын компонент ізделеді; ə) табылған компонент жаңа сөздікке енгізіліп,
ескі сөздіктен өшіріледі; б) бастапқы сөздік аяқталғанға дейін а) пунктіне
көшу;
□ жаңа жəне бастапқы сөздіктерді экранға шығару.
Программа меню көмегімен сұхбаттасуды жəне енгізу кезінде кеткен
қателерді тексеруді қамтамасыз етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |