4-ТАРАУ
Кластар
Бұл тарауда объектіге бағытталған программаны жазудың іргетасын
қалайтын объектілерді сипаттаудың синтаксистік ережелері қарастырылады.
Кітаптың осы тарауының соңында ОБП-дың принциптері мен объектілі
программаларды жобалау əдістерін талқылауға қайта ораламыз, өйткені
«тілдің қасиеттерін қалыптастыратын идеяларды жақсы түсіну арқылы ғана
шеберлікке қол жеткізуге болады» (Б. Страуструп).
Класты сипаттау
Класс қолданушы анықтайтын мəліметтердің абстрактылы типі болып
табылады, ол мəліметтер жəне олармен жұмыс істеуге арналған функциялар
түрінде берілген шынайы объектінің үлгісін бейнелейді.
Класс мəліметтері өрістер (құрылым өрістеріне ұқсас), ал класс
функциялары əдістер
1
деп аталады. Өрістер мен əдістерді класс элементтері
деп атайды. Алғашқы қарастырыстырудағы класс сипаттамасы төмендегідей
түрде болады:
Достарыңызбен бөлісу: |