205
Деструктордың толық нақтыланған атын көрсету арқылы оны тікелей
түрде шақыруға болады, мысалы:
monstr *m; ...
m -> ~monstr();
Бұл асыра жүктелген
new
операциясының көмегімен нақты көрсетілген
жады адресі бөлінген объектілер үшін керек болуы мүмкін. Объект деструкто-
рын ол қажет болмаған жағдайларда айқын түрде тікелей шақыру керек емес.
Операциялардың асыра жүктелуі
С++ тілі көптеген операциялардың əрекеттерін нақты көрсетілген кластың
объектілерімен бірге қолдану кезінде, олар бекітілген функцияларын орын-
дайтындай етіп қайта анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өзіндік мəліметтер
типтерін дəл стандартты мəліметтер типтері сияқты қолдануға жол ашады.
Өзіндік операциялардың белгілерін енгізуге болмайды. С++ тілінде төменде
көрсетілген операциялардан басқа осы тілде бар барлық операцияларды асыра
жүктеуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: