Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


while  циклі оған эквивалентті  for



Pdf көрінісі
бет63/642
Дата30.03.2022
өлшемі3,66 Mb.
#29231
түріПрограмма
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   642
while

 циклі оған эквивалентті 



for

 цикліне жəне кері бағытта 

келесі сұлба бойынша келтiрiлуі мүмкін: 

for(b1; b2; b3) 

   оператор b1;

while (b2){

   оператор b3;}

Циклдерді программалауда жиi кездесетiн қателер – цикл тұлғасында 

инициалданбаған айнымалыларды қолдану жəне циклден шығу шартының 

дұрыс жазылмауы. 

Қателіктерге жол бермеу үшін төмендегі ережелерді бұлжытпай орындау 

ұсынылады:

□  цикл тұлғасындағы меншіктеу операторларының оң жағында 

тұратын барлық айнымалыларға осыған дейін бастапқы мəн 

берілгендігін (сонымен қатар, басқа операторлардың орындалу 

мүмкiндігін) тексеру;

□  циклден шығу шартына енген айнымалылардың кем дегенде біреуі 

цикл ішінде өзгеретінін немесе өзгермейтінін тексеру;



46

□  итерациялардың белгілі бір санына жеткенде циклден мəжбүрлі түрде 

шығуды қарастыру (келесi бөлiмдегi мысалды қара);

□  цикл тұлғасында бірден артық операторлар санын орындау қажет 

болса, оларды жүйелі жақшаға алып жазу керек екендігін ұмытпау 

қажет.


Цикл операторларын өзара алмастырып та орналастыруға болады, бірақ 

əрбiр нақты жағдайда ең тиімді түрде жұмыс істейтін операторды таңдауды 

қамтамасыз ете алатын бірнеше ұсыныстар келтiруге болады, олар:

□  do while

 операторы, əдетте, цикл кем дегенде бір рет орындалуы тиіс 

болатын жағдайларда қолданылады (мысалы, цикл ішінде мəліметтерді 

енгiзу орындалатын кездерде);

□  for

 операторы өзге жағдайлардың басым бөлігінде қолданылады 

(əсіресе, санауыштар арқылы ұйымдастырылатын циклдер құру үшін);

□  while

 операторын итерациялар саны алдын ала белгiсіз болып, циклдің 

нақты параметрлерi əлі анықталмаған кездерде немесе параметрлер 

мəндерін өзгертуді цикл тұлғасының соңында жазған ыңғайсыз бола-

тын жағдайларда қолданған дұрыс болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   642




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет