Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет8/642
Дата30.03.2022
өлшемі3,66 Mb.
#29231
түріПрограмма
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   642
lpfnSetFirstDialog

.

 Келесі бір қалыптасқан дəстүр – атауды құрайтын сөздерді астын 



сызу белгілерімен ажыратып жазу, мысалы: 

zat_bagasy, max_length, number_of_

galosh

.

Стандарт  бойынша идентификатордың ұзындығы шектелмеген, бірақ 



кейбір компиляторлар мен жинақтауыштар (компоновщиктер) оған шектеу 

қояды. Идентификатор айнымалыларды, функцияларды, типтерді жəне т.с.с. 

жариялау кезеңінде құрылады, осыдан кейін оны программаның келесі опе-

раторларында қолдануға болады. Идентификаторды таңдауда төмендегі шарт-

тарды ескерген жөн:



11

□  идентификатор түйінді сөздермен жəне тілдің қолданылатын стандарт-

ты объектілерінің атауларымен сəйкес келмеуі тиіс;

□  идентификаторларды астын сызу символымен бастамаған жөн, себебі 

олар жүйелік функциялардың немесе айнымалылардың атауларымен 

сəйкес келуі мүмкін, сонымен қатар бұл программаның орындалу 

жылдамдығын төмендетеді;

□  сыртқы айнымалыларды анықтау үшін қолданылатын идентифи-

каторларға жинақтауыштар шектеу қояды (əртүрлі жинақтауыштарды 

немесе жинақтауыш нұсқаларын қолдану сыртқы айнымалылар атау-

ларына да əртүрлі талаптар қояды).

Түйінді сөздер

Түйінді сөздер – бұл компилятор үшін арнайы мағынасы бар алдын ала 

анықталған (резервтегі) идентификаторлар. Оларды тек өз анықталған 

мағынасында ғана қолдануға болады. С++ тілінің түйінді сөздерінің тізімі 

1.1-кестеде берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   642




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет