Идентификаторлар
Идентификатор – бұл программалық объектінің атауы. Оны құру үшін ла-
тын əріптері, цифрлар жəне астын сызу белгісін қолдануға болады. Бас əріптер
мен кіші əріптер əртүрлі символдар болып саналады, мысалы,
sysop, SySoP
жəне
SYSOP
– үш түрлі атау. Идентификатордың алғашқы символы əріп неме-
се астын сызу белгісі болуы тиіс, алғашқы символ ретінде цифрды қолдануға
болмайды. Атау символдарының ішіне бос орын қойылмайды.
КЕҢЕС
Программа түсінікті түрде дұрыс оқылуы үшін объектілерге мағынасы бар атаулар
берген жөн. Атауларды беру ережелері туралы венгрлік нотация деп аталатын (себебі,
бұл нотацияны Microsoft компаниясының ұлты венгр қызметкері ұсынған) келісім бар,
осы нотацияға сəйкес идентификатор құрамындағы əрбір сөз бас əріптен басталады да,
оның алдына шаманың типіне сəйкес келетін префикс қойылады, мысалы,
iMaxLength,
Достарыңызбен бөлісу: |