Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Құрылымның өрістеріне қол жеткізу (пайдалану) –



Pdf көрінісі
бет113/642
Дата30.03.2022
өлшемі3,66 Mb.
#29231
түріПрограмма
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   642
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

Құрылымның өрістеріне қол жеткізу (пайдалану) – құрылым атауы 

арқылы орындалғанда 

. (нүкте) жəне нұсқауыш арқылы орындалғанда 

-> 


таңдау операциялары көмегімен жүзеге асырылады, мысалы:

Worker worker, stuff[100], *ps;

...

worker.fi o = "Страусенко"; 

stuff[8].code = 215; 

ps->salary = 0.12;

Егер құрылым элементі ретінде басқа құрылым қолданылса, онда оның 

элементтеріне қол жеткізу екі таңдау операциясы арқылы орындалады:

struct A {int a; double x;}; 

struct В {A a; double x;} х[2]; 

х[0].а.а = 1; 

х[1].х = 0.1;

Осы мысалдан байқайтынымыздай, əртүрлі құрылымдардың өріс ата-

улары бірдей болуы мүмкін, себебі олардың көріну аймағы əртүрлі. Егер 

құрылымдық айнымалыны анықтау кезінде



 struct

 сөзі қолданылса, онда бір 

көріну аймағында бірдей атау берілген құрылым мен басқа объектіні (мысалы, 

айнымалыны немесе жиымты) жариялауға болады, алайда бұлай жасамаған 

жөн – компилятор программаны дұрыс орындағанмен, өзіңіздің қателесуіңіз 

əбден мүмкін. 




70

Биттік өрістер

Биттік өрістер – бұл құрылым өрістерінің ерекше бір түрі. Олар 

мəліметтерді тығыздап жинақтау үшін, мысалы, «иə/жоқ» типіндегі жалауша-

ларды қысқартып жазуда қолданылады.  Программадағы ең кіші адрестелетін 

жады ұяшығы – 1 байт болғанмен, жалаушаны сақтау үшін бір бит жеткілікті. 

Биттік өрісті сипаттау кезінде оның атауынан кейін қос нүкте арқылы өрістің 

ұзындығы биттермен (бүтін оң тұрақты) көрсетіледі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   642




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет