// Құрылымдар жиымын жəне құрылымға нұсқауышты анықтау:
struct {
char fi o[30];
int date, code;
double salary;
} stuff[100], *ps;
Егер тізім берілмесе, құрылымның сипаттамасы жаңа типті анықтайды,
оның атын кейіннен стандартты типтермен қатар қолдануға болады, мысалы:
struct Worker{ // Worker жаңа типінің сипаттамасы
char fi o[30];
int date, code;
double salary;
}; // сипаттама нүктелі үтірмен аяқталады
/* Worker типті жиымды жəне Worker типіне нұсқауышты
анықтау: */
Worker stuff[100], *ps;
Компилятордың құрылым мөлшерін білуі міндетті болмаған кезде
құрылымды жариялағаннан кейін бірден оның атын қолдана беруге болады
(анықтамасын кейінірек беруге рұқсат етіледі), мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |