int is_equal = strstr(a, b);
if (is_equal > 0) {... }
else if (is_equal < 0) {... }
else { ... } // мұнда is_equal == 0
Егер
if
операторының бірінші тармағында басқару берілетін болса,
else
операторын қолданудың қажеті жоқ:
if (is_equal > 0) {... break;}
if (is_equal < 0) {... return;}
{... } // мұнда is_equal == 0
Теңсіздікті нөлмен салыстыру қажет емес (немесе, бұдан да сорақысы,
теңдікті
true
немесе
false
мəндерімен салыстыру):
bool is_busy;
...
if (is_busy == true) {... } // нашар! if (is_busy)
// түрінде жазған дұрыс
if (is_busy == false){... } // нашар! if (!is_busy)
// түрінде жазған дұрыс
char s[80];
while (fgets(s) != NULL) {... } // нашар!
// while (fgets(s)) түрінде жазған дұрыс
while(a == 0) {... } // while(!a) түрінде жазуға болады
Егер шартты оператор тармақтардың бірі басқасына қарағанда айтарлықтай
қысқа болса, онда қысқарақ
if
тармағын алдымен орналастырған жөн, əйтпесе
басқарушы құрылым толығымен экранға сыймауы мүмкін, бұл оны түзету
істерін қиындатады.
Кейбір жағдайларда шартты операцияны қолдану шартты операторға
қарағанда ыңғайлырақ болады:
Достарыңызбен бөлісу: |