Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет182/642
Дата30.03.2022
өлшемі3,66 Mb.
#29231
түріПрограмма
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   642
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

i, j

 немесе 


k

 

сияқты бір əріптік атауларды қолданған жөн. Макростарды программаның 



басқа обьектілерінен ажырату үшін олардың атауларын бас əріптермен 

жазған жөн. Астын сызу символынан басталатын атауларды,  



_t

 символда-

рымен аяқталатын типтер атауларын жəне С++ тілінің станадартты кітапхана 

ресурстарының атауларымен сəйкес келетін индификаторларды қолдану 

дұрыс болып саналмайды.



112

Айнымалыларды жариялау кезінде инициалдаған жөн, ал жариялауды 

оларды тікелей қолданылу орнына жақын орындаған дұрыс. Басқа жағынан 

алғанда, функцияның жергілікті (локалды) айнымалыларының барлық жа-

рияланымдарын табуға жеңіл болатындай етіп, блок басында орналастырған 

ыңғайлы болады.  Функциялар көлемдері үлкен болмаған жағдайда жоғарыдағы 

екі ұсынысты да біріктіру мүмкіндігі бар.



Глобалды (ауқымды) айнымалыларға қарағанда локалды (жергілікті) ай-

нымалыларды қолданған жөн. Егер бəрі бір ауқымды айнымалыны қолдану 

қажет болса, оны статикалық айнымалы ретінде жариялаған жөн, бұл оның 

əрекет ету аймағын бастапқы бір файлмен шектейді. 

Функцияға қажетті барлық ақпаратты параметрлер ретінде беруге 

ұмтылу қажет, өзгерістерін бақылау қиынырақ болатын ауқымды айныма-

лылар арқылы ақпаратты бермеген жөн. 

Функцияда өзгермеуге тиісті кіріс параметрлерді мəні бойынша емес, 

тұрақтылық сілтемелер ретінде берген жөн. Бұл тəсіл программаның 

оқылуын жеңілдету жəне кездейсоқ қателердің туындау мүмкіндігін азайту-

мен қатар, əлдеқайда тиімді болып саналады, əсіресе күрделі объектілерді 

беру жағдайында оның тиімділігі басымырақ болады. Аталған артықшылық 

көлемдері нұсқауыш көлемінен кіші параметрлер үшін орындалмайды – олар-

ды мəні бойынша берген тиімді (



const

 түйінді сөзін жазуды ұмытпаңыз) бо-

лып табылады. 

Функцияның  шығыс параметрлерін сілтеме арқылы емес, адрес арқылы 

берген жөн, осылайша функцияны шақыру семантикасынан оның ішінде па-

раметр өзгеріске ұшырайтынын түсіну мүмкін болады.



Функциядан жергілікті (локалды) айнымалыға сілтеме қайтаруға болмай-

ды, себебі ол айнымалының əрекет ету аймағы болып табылатын функциядан 

шығу кезінде автоматты түрде жойылады. Функция ішінде динамикалық жады 

аймағында 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   642




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет