Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


a-leaping, nine ladies dancing, eight maids a-milking, seven



Pdf көрінісі
бет181/642
Дата30.03.2022
өлшемі3,66 Mb.
#29231
түріПрограмма
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   642
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

a-leaping, nine ladies dancing, eight maids a-milking, seven 

swans a-swimming, six geese a-laying,  fi ve gold rings;

1

Сонымен қатар, екі рет, үш рет жəне он бес рет қарағанда да.




111

four calling birds, three french hens, two turtle doves

and a partridge in a pear tree.

Программа жазудағы бірінші қадам – оның нені жəне қалай орындауы қажет 

екендігін табиғи тілде жазу (мүмкін, жалпыланған блок-схемаларды қолдану 

арқылы). Егер сіз алгоритмді қазақша немесе орысша құра алмасаңыз, онда 

оның нашар ойластырылған болуы ықтимал (əрине, барлығын жеке оператор-

лар деңгейінде, мысалы, «индексті 1 мен 100 аралығында 1 қадамымен ...» 

деген сияқты «атап көрсету» туралы сөз болып тұрған жоқ). Алгоритимді 

осылайша сипаттау бірнеше себептен ыңғайлы болады: ол алгоритмді жан-

жақты ойластыруға, кейбір қателерді ерте кезеңдерде табуға, программа-

ны блоктардың логикалық тізбектеріне бөлуге, сонымен қатар программаға 

түсініктемелер қамтамасыз етуге көмектеседі. 

Егер алгоритмді аяқталған əрекеттер тізбегіне келтіруге болса (осыған 

ұмтылу қажет!), онда əрбір аяқталған əрекет функция түрінде жазылады. 

Əрбір функция тек бір ғана есепті шешуі тиіс (тəуелсіз, қысқа екі үзіндіні бір 

функцияға біріктірмеген жөн). Функция көлемінің өзгеру аралығы кең бола-

ды, барлығы функция үшін бөлінетін аяқталған код үзіндісі көлемінің қандай 

болғанына байланысты. Функция тұлғасы 1-2 экранға сыйып орналасқаны жөн: 

бірнеше кең функцияны қамтитын программаны түсіну тəрізді, əрқайсысы 

бірнеше жолдан тұратын, шашыраңқы орналасқан жүздеген ішкі программа-

ларды да түсіну қиын болады. 

Егер кейбір əрекеттер программа тұлғасында кем дегенде екі рет 

кездесетін болса, оларды да функция түрінде жазған жөн. Біртипті əрекеттер 

асыра жүктелген функциялар түрінде немесе параметрлі функциялар түрінде 

бейнеленеді. Қысқа функцияларды 



inline

 директивасы арқылы жария-

лаған жөн.

Айнымалылар атауларын таңдағанда мұқият болу керек. Дұрыс таңдалған 

атаулар программаны кез келген бір дəрежеде өзінен өзі құжатталғандай ете 

алады. Сəтсіз таңдалған атаулар қиындықтар туғызуы мүмкін. Қысқартылған 

атаулар қолданбаңыз, олар программаның оқылуын қиындатады жəне 

көбінесе кез келген бір сөздің қалайша қысқартылғанын ұмыту мүмкіндігі 

бар. Жалпы тенденция: айнымалының көріну аймағы неғұрлым үлкен бол-

са, оның атауы соғұрлым ұзақ болады. Мұндай атаудың алдында жиі тип 

префиксі (айнымалының типін анықтауға болатын бір немесе бірнеше əріп) 

жазылады. Қысқа циклдердің санауыштары үшін, керісінше



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   642




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет