6-ТАРАУ
Класс шаблондары
Осы кітаптың бірінші бөлімінде функциялардың шаблондары (88 б.)
қарастырылды, олардың көмегімен типті параметр ретінде беру арқылы
алгоритмді ол жұмыс істейтін нақты мəлімет типтерінен бөліп алуға болады.
Кластардың шаблондары осыған ұқсас мүмкіндіктерді қамтамасыз ете оты-
рып, параметрленген кластарды құруға мүмкіндік береді.
Параметрленген класс туыстас кластар жиынын құрады, оларды параметр
ретінде берілетін кез келген мəліметтер типіне қолдануға болады. Шаблон-
дар контейнерлік кластарды құруда кеңінен қолданылады. Контейнерлік
деп қандай да бір жолмен ұйымдастырылған мəліметтерді сақтауға жəне
солармен жұмыс жасауға арналған класс аталады. C++ тілінің стандартты
кітапханасында əртүрлі мəліметтер құрылымдарын ұйымдастыруға арналған
контейнерлік кластар жиыны бар (олар «Контейнерлік кластар» бөлімінде,
318 б. сипатталған).
Шаблондарды қолданудың артықшылығы – мəліметтермен жұмыс істеу
алгоритмі анықталғаннан жəне жөндеп түзетілгеннен кейін, оны кез келген
мəліметтер типтері үшін кодты қайта жазбай қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |