46
□ итерациялардың белгілі бір санына жеткенде циклден мəжбүрлі түрде
шығуды қарастыру (келесi бөлiмдегi мысалды қара);
□ цикл тұлғасында бірден артық операторлар санын орындау қажет
болса, оларды жүйелі жақшаға алып жазу керек екендігін ұмытпау
қажет.
Цикл операторларын өзара алмастырып
та орналастыруға болады, бірақ
əрбiр нақты жағдайда ең тиімді түрде жұмыс істейтін операторды таңдауды
қамтамасыз ете алатын бірнеше ұсыныстар келтiруге болады, олар:
□ do while
операторы, əдетте, цикл кем дегенде бір рет орындалуы тиіс
болатын жағдайларда қолданылады (мысалы, цикл ішінде мəліметтерді
енгiзу орындалатын кездерде);
□ for
операторы өзге жағдайлардың басым бөлігінде қолданылады
(əсіресе, санауыштар арқылы ұйымдастырылатын циклдер құру үшін);
□ while
операторын итерациялар саны алдын ала белгiсіз болып, циклдің
нақты параметрлерi əлі анықталмаған кездерде немесе параметрлер
мəндерін өзгертуді цикл тұлғасының соңында жазған ыңғайсыз бола-
тын жағдайларда қолданған дұрыс болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: