Жолдың соңы интрукцияның соңы болып табылады (нүктелі үір қажет емес);
Ендірілген инструкциялар шегіністер өлшемі (көлемі) бойынша блоктарға біріктіріледі. Шегініс кезкелген болуы мүмкін, бастысы бір ендірілген блокқа бірдей шегініс өлшемі қолданылса болғаны. Кодтың оқылымы туралы да ұмытпау керек. 1 бос орын шегініс - ол ешқандай шешім болып табылмайды. Тым болмағанда 4 бос орын шегініс немесе табуляция белгісін қолданған дұрыс болады.
Python тілінде әр инструкциялар бір шаблонға сәйкес жазылады, негізгі инструкция қос нүктемен аяқталған соң, оның соңынан инструкцияның ендірілген блогы шегініс арқылы орналасады. Келесі суретте жазылуы бейнеленген:
Негізгі инструкция:
Инструкцияның ендірілген блогы
Сурет 13 Инструкцияның жазылуының бейнесі
Бірнеше арнайы жағдайлар бар. Олар:
Кейбір жағдайда бірнеше инструкцияны бір жолға нүктелі үтір арқылы жазуға болады:
a = 1; b = 2; print(a, b)
Сурет 14 Бірнеше инструкцияны бір жолға жазу
Бұндайды көп қолдануға болмайды, әрқашан да оқылым туралы есте сақтау керек.
Бір инструкцияны бірнеше жолға да бөліп жазуға болады. Ол үшін бірнеше доғал, квардатты немесе жүйелі жақшаны қолдану керек.
if (a == 1 and b == 2 and
c == 3 and d == 4): # Не забываем про двоеточие print('spam' * 3)
Сурет 15 Бір инструкцияны бірнеше жолға бөліп жазу коды
Құрамдас интсрукцияның денесі сол негізгі дененің жазылған жолына орналасуы мүмкін, егер негізгі инструкцияның денесі құрамдас денені қамтымаса. Мысалы:
if x > y: print(x)
Сурет 16 Құрамдас және негізгі инчтрукцияның денесінің бір жолға жазылуы
Бағдарламалау тілінің толық синтаксисін түсіну үшін көптеген мысалдарды қарастыру керек. Бірнеше есептердің шығарылуын қарастырып барып түсінуге болады.
Python тіліндегі жолдар
Жолдар. Жолдағы бос орындарды немесе бірнеше бос орындарды «*» таңбасымен алмастыруды қарастырайық.
Бұндай есепті шығару үшін бірінші алгоритмін құрып алу керек. Егер жолда бірнеше бос орын кездессе оны бір «*» таңбасымен алмастырып, ал жолдың басы мен соңындағы бос орындарды ою керек.
Python тіліндегі сандар.
1. Python тіліндегі сандар.
Python тілінде сандар келесі түрлері бар: бүтін, нақты, комплексті. Бүтін сандар (int). Python тіліндегі сандардың қарапайым сандардан еш айырмашылығы жоқ. Олар қарапайым математикалық операцияларды қолдайды және 5-кестеде көрсетілген.
Кесте 2
Математикалық операциялар
x + y
Қосу
x – y
Айырма
x * y
Көбейту
x / y
Бөлу
x // y
Бөлгендегі бүтін бөлік
2-кестенің жалғасы
x % y
Бөлгендегі қалдық
-x
Санның белгісін ауыстыру
abs(x)
Сан модулі
divmod(x, y)
(x // y, x % y) жұп
x ** y
Дәрежеге шығару
pow(x, y[, z])
xy модулі бойынша (егер модулі берілсе)
Тізім дегеніміз не? Python-дағы тізім – ерікті түрдегі нысандардың (объектілердің) реттелген өзгертілетін топтамасы (массив сияқты, бірақ типтері әр басқа болуы мүмкін). Тізімдерді қолдану үшін оларды құрып алу керек. Тізімді бірнеше жолмен құруға болады. Мысалы, кез келген қайталанатын нысанды өңдеуге болады (мысалы, жолды list ендірілген функциясымен):