Программалау» «Python тілінде программалау» «Python бағдарламалау тілі»


Кортеждер (tuple). Келесі деректер типі кортеждер (tuple) деп аталады. Олар негізінен өзгертілмейтін тізімдер болып табылады



бет7/9
Дата24.11.2022
өлшемі241,01 Kb.
#52468
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Кортеждер (tuple). Келесі деректер типі кортеждер (tuple) деп аталады. Олар негізінен өзгертілмейтін тізімдер болып табылады.

Олар не үшін қажет?


  • Қорғау үшін. Кортеж әдейі және кездейсоқ өзгертулерден қорғалған.

  • Өлшемі аз. Негізі болмас үшін:

>>> a = (1, 2, 3, 4, 5, 6)
>>> b = [1, 2, 3, 4, 5, 6]
>>> a.__sizeof__()
36
>>> b.__sizeof__()
44
Функциялар және файлдармен жұмыс.
  1. Функциялар және файлдармен жұмыс.

Бұнда атаулы мен анонимді функциялар және def, return және lambda интрукциялары қарастырылады. Сонымен қатар, функцияның міндетті және міндетті емес аргументтері, еркін санды аргументтері бар функциялар қарастырылады.


Атаулы функциялар, def инструкциясы. Python тіліндегі функция аргументтер қабылдайтын және мәнді қайтаратын нысан болып табылады. Әдетте функция def инструкциясы көмегімен анықталады.
Қарапайым функцияны анықтайық:
def add(x, y):
return x + y
return Инструкция мәнді қайтаруды талап етеді. Ал аталған жағдайда функция x пен y қосындысын қайтарады. Енді оны шақыруға болады
>>> add(1, 10)
11
>>> add('abc', 'def')
'abcdef'
Функция кез-келген күрделілікте болуы және барлық нысандарды (тізімдер, кортеждерді және тіпті функцияларды) қайтаруы мүмкін:
>>> def newfunc(n):
... def myfunc(x):
... return x + n
... return myfunc
>>> new = newfunc(100) # new - бұл функция
>>> new(200)
300
Функция return инструкциясымен аяқталмауы да мүмкін, бірақ соның өзінде функция None мәнін қайтарады:
>>> def func():
... pass
>>> print(func())
None

Функция аргументтері. Функция кез келген сандағы аргументтерді қабылдауы мүмкін немесе мүлдем қабылдамауы да мүмкін. Сондай-ақ, аргументтер саны кез келген, позициялық және атаулы аргументтері бар функциялар, міндетті және міндетті емес функциялар кең таралған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет