ОБЬЕКТІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ПРОГРАММАЛАР Дəстүрлі процедураға бағытталған программалау тəсілдері күрделі программалардың талаптарын қанағаттандыра алмады. Сондықтан объектіге бағытталған программалау ұғымы пайда болды.
Объектіге бағытталған программалау (ОБП) – бұл жаңа технология. Мұнда құрылымдық программалаудың ең тиімді жақтары алынып, олар жаңа идеялармен толықтырылады. ОБЬЕКТІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ПРОГРАММАЛАР Ерекшеліктері:
-программалық жабдықтамалардың кейбір компоненттерін қайтадан қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету.
ОБП негізгі ұғымдарының бірі – объект. Объект – мəліметтер- дің логикалық бірлігі ретінде программада құрастырылған жаңа типтегі айнымалы. Программалау технологияларының даму кезеңдері Программалау технологияларының онжылдықтар бойынша көрсетілген даму кезеңдеріне қысқаша тоқталайық. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары компьютерлер қуаттылығы (ЭЕМ-дердің алғашқы буыны) онша жоғары болған жоқ, ал олар үшін программалау машиналық кодтар арқылы жүргізілді. Негізінен, ғылыми-техникалық есептер (формулалар бойын- ша) шығарылды, программалауға берілген тапсырмалар нақты есептер қойылымынан тұратын еді. Көбінесе программалау- дың интуитивтік технологиясы қолданылатын, мұнда бірден тапсырма бойынша программа құруға кірісетін, оның үстіне жұмыс барысында тапсырмалар өзгертіліп те отыратын еді, қажетті құжаттама программа жұмыс істеген кезде барып құрас- тырылатын. Соған қарамастан, программалау технологиясының іргелі тұжырымдамасы болып саналатын модульдік программа- лау осы кезеңде (машиналық кодта программалаудың қиындығын жеңу мақсатында) пайда болды. Алғашқы жоғары деңгейде про- граммалау тілдері пайда бола бастады, солардың ішіндегі ФОР- ТРАН тілі одан кейін де ұзақ уақыт пайдаланылып келеді. 1960-шы жылдары бірсыпыра жоғары деңгейде програм- малау тілдерінің (АЛГОЛ 60, ФОРТРАН, КОБОЛ, т.б. өте жыл- дам дамығанын көреміз, сол кездерде программалау техно- логиясындағы олардың орны өте жоғары бағаланылып жүрді. Бірақ осы тілдер көлемді программалар жазуда барлық мəсе- лелерді шешеді деген үміт ақталмады. Компьютерлердің қуаты артып, программалау тəжірибелері де жинақталған кездерде жоғары деңгейде программалау тілдерінің мүмкіндіктері шек- теулі екендігі белгілі болды. Осының нəтижесінде программалар- ды модульдік түрде ұйымдастыру жүзеге асырыла бастады. Тек ФОРТРАН тілі ғана пайдаланыла берді, өйткені ол бұрыннан- ақ модульдік қағидамен жасалған еді жəне дайындалған прог- раммалар кітапханасы да өте бай болатын. Осы кездерде про- грамманы қай тілде құру емес, қалай құру керек деген сауалдың маңызды екені түсінікті болды. Мамандар енді программалау тех- нологиялары мен олардың əдіснамаларына көңіл бөлебастады.
Екінші буын компьютерлеріндегі жұмысты уақытша тоқта- тып, программаларды үзе тұру мүмкіндігінің пайда болуы мультипрограммалау ісінің жетілдіріліп, үлкен программалық жүйелер жасауға себепші болды. Бұлардың бəрі программаларды ұжым болып жасаудың əсерінен туындады да, көптеген жаңа технологиялық мəселелер пайда болды.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдары ақпараттық жүйелер мен мəліметтер базасы кең етек жайды. Бұған итермелеген негізгі себеп – компьютердің мəлімет жинақтауыштарындағы бір бит ақпаратты сақтау құны бұрынғы дəстүрлі мəлімет сақтаудан арзан болып кетті. Программалау технологиялары жылдам алға басып, құрылымдық программалаудың дамуы (мысалы, мəліметтер құрылымын жасыра алатын модульдердің шығуы), мəліметтердің абстракты типтерінің жетілдірілуі, программа- лық жабдықтамалардың сенімділігі мен мобильдігін қамтамасыз етілуі, ұжымдық түрде программа құруды басқару əдістемесі- нің шығуы, программалау технологияларын сүйемелдейтін сай- мандық программалық құралдардың пайда болуы жалпы осы бағыттағы жұмыстар түрін жаңа сатыға көтерді.
1980-ші жылдар жеке пайдаланылатын дербес компьютерлер- дің адам өмірінің əртүрлі салаларына кең араласуымен, прог- раммалық жабдықтамаларды пайдаланушылар санының шұғыл артуымен сипатталды. Осылардың нəтижесінде қолданушы интефейстерінің жылдам жетіліп, программалық жабдықтамалар сапасы деген тұжырымдаманың туындауына əкелді. Програм- мау технологияларының жаңа талаптарына жауап бере алатын программалау тілдері (мысалы, Ада) жасалды. Программалау жабдықтамаларын спецификациялау тəсілдері мен тілдері дамы- ды. Алдыңғы қатарға объектіге бағытталған программалар жасау тəсілдері шықты. Компьютерлік желілер тұжырымдамасы пайда болды. Өткен ғасырдың соңы мен жаңа ғасырдың басында бүкіл əлемді қамтитын ғаламтордың кеңеюі арқасында барлық дербес компьютерлер Интернет желісіне қосылды. Бұл компьютерлік- желілік ақпаратқа қол жеткізуді реттеу үшін мамандар алдына бірсыпыра тығыз шешімін табатын мəселерді (технологиялық, заңнамалық жəне этикалық сипаттағы) қойды. Желі бойынша та- сымалданатын компьютердегі ақпаратты қорғау өзекті мəселеге айналды, программалық жабдықтамалар жасайтын компьютерлік технологиялар (CASEтехнология) дамытылып, программалар спецификацияларымен тығыз байланысты сауалдар туындады. Сонымен, қоғамды толық ақпараттандыру мен компьютерлен- дірудің шешуші кезеңі басталды