uses | var | while | with | xor
«Босорын» таңбасы да ажыратқыштарға жатады. Ол прог-
рамманың түсініктілігін жақ сарту үшін қолданылады. «Босорын»
идентификатор ішінде, сандар цифрлары арасында жəне қордағы
сөздер ішінде болмауы тиіс.
Комментарий, яғни түсініктеме –
{ } немесе (* *) жақшалары
арасындағы мəтін. Олардың ішінде əріптер (орыс, қазақ əріптері),
цифрлар, арнайы таңбалар бола береді. Түсініктемелер програм-
ма жұмысын, командаларды түсіндіру үшін қолданылады. Олар
кез келген орында жазыла береді.
3.3 Программа құрылымы
Программалар белгілі бір мəселені, есепті шешу үшін пайда ла-
ны лады. Есеп шығару барысында компьютерге керекті бастапқы
мəлімет тер енгізіледі, оларды қалай өңдеу керектігі көрсетіледі
жə не нəтиже қандай түрде, қай құрылғыға шығарылатыны айты-
лады.
Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады.
Оларды теру, түзету арнайы мəтіндік редакторлар арқылы атқары-
лады. Программа қатарларының алдындағы азат жол немесе бос
орындар саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарға бірнеше
командалар немесе операторлар орналаса алады, олар бір-бірімен
нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда
бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, əрі түзетуге жеңіл, əрі ыңғайлы
болып саналады.
40
Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен
басталатын оның тақырыбынан, яғни атынан тұрады. Одан кейін
программаның ішкі объек тілерінің сипатталу бөлімі орналасады.
Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тəрізді
объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала бекітіп анықтап алуға
көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ
программа күрделілігіне байла нысты көбінесе ол бір немесе екі
ғана бөліктен тұруы мүмкін.
Программаның соңғы жəне негізгі бөлімі операторлар бөлімі
болып табылады. Орындалатын іс-əрекеттер, командалар осы
бөлімде орналасады. Ол begіn түйінді сөзінен басталып, барлық
атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жол-
дарға жазылып біткен соң, end түйінді сөзімен аяқталады.
Программа құрылымын төменгі 3.2-суреттегідей етіп бей-
нелеуге болады. Операторлар бөлімінде командалар реттеліп
орна ласады, олар дың кейбірі шартқа бай ла нысты атқарылса, ал
кейбірі қайталанып цикл немесе қосымша программа (подпрог-
рамма, процедура) түрінде де орындалуы мүм кін.
Мəліметтер – сан мəндерін, мəтін ретіндегі сөз тіркестерін
де мəн ретінде қабылдай алатын тұрақтылар (константалар),
айныма лылар, т.б. осылар тəрізді құрылымдар немесе солардың
адрестері.
Мəлімет енгізу – бастапқы мəндерді пернетақтадан, дискі-
лерден немесе енгізу-шығару
порт тарынан оқу арқылы жүзеге
асырылады.
Операциялар немесе амал-
əрекеттер – берілген, есептел-
ген мəн дер ді меншіктеу, соларды
өңдеу, салыстыру істерін орын-
дайды.
Нəтиже алу (шығару) – ара-
лық немесе қорытынды мəлі-
мет тер ді экранға, дискіге немесе
енгізу-шығару портта рына жазу.
Шартты атқарылу – белгілі
бір көрсетілген шарт орындал са
(ақиқат болса), онда командалар
3.2-сурет. Паскаль тіліндегі
программа бөлімдері
41
жиыны атқарылады, əйтпесе олар атталып өтіледі немесе басқа
командалар жиыны жүзеге асырыла ды.
Цикл – белгілі бір шарт орындалса (кейде орындалмаса),
көрсе тілген командалар жиыны бірнеше рет қайталанып атқары-
лады неме се шарт көрсетілмей-ақ алдын ала олардың неше рет
қайталанатыны бүтін санмен беріледі.
Қосымша программа – алдына ала ат қойылған командалар
тобы программаның кез келген жерінен оның атын көрсету
арқылы шақырылып атқарыла береді.
Турбо Паскаль тілінің біріктірілген ортасы – кез келген
программа жазып, оны орын
дауға қажетті құралдарды толық
бере алады. Тіл элементтерімен танысу үшін «Мен Паскальда
программалай аламын» деген мəтінді экранға шығаратын бір
қысқаша программа жазайық. Оның алғашқы нұсқасы төменде
келтірілген:
Program My_First_Program;
const
Text = 'Мен Турбо Паскальда программалай
аламын';
begin
WriteLn(Text);
end.
Программада алты жол бар. Оның əрқайсысы белгілі бір
мағынасы бар мəтін фрагментінен тұрады, жолдарға бөлу тіл-
дің ережесіне байланысты емес, программалау шының қалауына
байла нысты жүргізіледі. Осы программаны былай да жазуға бо-
латын еді:
Program My_First_Program;
const
Text = 'Мен Турбо Паскальда программалай аламын';
begin
WriteLn(Text);
end.
Паскальдада босорын таңбасы тіл элементтерін бір-бірінен
бөліп жазу үшін қолданы лады, сондықтан, мысалы, программа-
ны былай етіп жазу қате болып есептеледі.
42
PROGRAM MY_First_Program; const Text='Мен Турбо
Паскальда программалай аламын';
BEGIN WriteLn(Text);end.
Паскальда егер ол мəтіндік константа болмаса, бас əріп пен
кіші əріп бірдей болып есептеледі. Сондықтан программаның
бірінші жолын мынадай түрде де жазуға болатын еді:
program my_fi rst_program;
Енді əрбір жол мағыналарын қарастырып шығайық. Алғашқы
жол
Program My_First_Program;
Мұндағы Program сөзі программа атын жариялау үшін ғана
қолданылады. Program сөзі Паскальдің түйінді сөзі құрамына
кіреді, ол программа атын беруден басқа еш жерде қолданылмауы
тиіс. Паскальдің бірсыпыра түйінді сөздері бар, олардың тізімі
жоғарыда келтірілді. Паскаль ортасының редакторы түйінді
сөздерді басқа түспен ерекшелеп отырады. Осыған орай про-
грамма мəтіндерінде түйінді сөздер көбінесе қарай тылған түрде
белгіленіп беріледі.
Паскаль тілінің түйінді сөздері – бір-бірімен айыру белгі-
лерімен бөлі ніп, программада алдын ала анықталған белгілі бір
мағынасы бар сөз тіркестері. Паскаль тілінің түйінді сөздерін үш
топқа бөлуге бола
ды, олар: қордағы (резервтегі) сөздер, стан-
дартты атаулар немесе иден ти фика тор лар жəне бейстандарт
иден тификаторлар.
Тілдің
опера тор ларын,
яғни
қарапайым
сөй
лемдерін жазу үшін мағына
сы мен қолда
ну тəсілі біржола
анық талып койылған сим
вол
дар тіркесінен тұра
тын қордағы
(резервтегі) түйінді сөздер пайдала нылады. Олар дың жалпы саны
80-нен асып жығылады.
Енді программамызға оралайық. Program атауы кейін еш
жер де қолданылмайтын дықтан, оны жариялайтын бірінші жолды
(Program My_First_Program;) жазбай кетуге де рұқсат
етілген.
Жоғарыдағы My_First_Program атауы – ағылшынша
«Менің Алғашқы Программам» деген сөз, бірақ ол босорын-
сыз жазылған – босорын сөздерді ажыратқыш таңба болып
саналатындықтан, оны кез келген жерге қоя беруге болмайды
(идентификатордағы сөздер
ді бөлу үшін астын сызу таңбасын
қолдану ережесі қалыптасқан).
43
Бірінші жол нүктелі үтір (;) таңбасымен аяқталған. Паскаль
тілінде бұл символ оператордың немесе сипаттау сөйлемінің
соңын білдіреді. Осындай ажыратқыш таңба бір жолға бірнеше
оператор жазу мүмкіндігін береді.
Екінші жол
const
түйінді сөзінен ғана тұрады, ол ары қарай бір немесе бірнеше
константалар (CONSTants – константы) сипатталатынын біл-
діреді. Константа деп тілдің өз мəнін өзгертпейтін объектілерін
айтады. Паскальдағы константалар ғылыми инженерлік есеп-
тердегі тəрізді жиі қолданылатын тұрақты мəндерді белгілі бір
сөзбен немесе символмен белгілейді. Мысалы, біз тұрақты сан
болып есептелетін π=3,14159265 константасын мектептен біле-
міз. Программаны орындау кезінде компилятор pi константасын
оның мəнімен алмастырады.
Паскаль тіліндегі константаны сипаттау дегеніміз – оның аты
мен мəнін көрсету. Үшінші жолда мынадай мəтін бар:
Text = ‘Мен Турбо Паскальда программалай аламын’;
Мұнда Text атты константаға оның мəні ретінде «Мен
Турбо Паскальда программалай аламын
» деген сөз тір-
кесі меншік теледі.
Паскальда константалардың əр түрлі типтері – бүтін немесе
нақты сандар, символ дар, сөз тіркестері, жиымдар (массивтер),
т.б. қолда ны лады. Text атауының символдар тіркесінен тұратын
константа екенін осы жолды қоршап тұрған екі апостроф
(жоғарғы үтір) таңбасынан білуге болады, бірақ апострофтардың
өздері сөз тіркесіне кірмейді. Олар тек сөз тіркесін бір ғана мəн
– мəтіндік константа ретінде қабылдау керек екендігін білдіріп
тұр. Егер апострофтың өзін де мəтіндік константаға кіргізу керек
болса, онда ол қатарынан екі рет жазылады. Мысалы:
Text = ‘’Турбо Паскаль’’;
тіркесі ‘Турбо Паскаль’ константасын көрсетеді.
Программаның алғашқы үш жолы нақты бір əрекет атқар-
майды, олар тек компи ляторға қолданылатын программа жайлы
жəне онда қолданылатын объектілер туралы мəлімет береді.
Сондықтан программаның осы жолдары сипаттау бөлімі деп
аталады. Төртінші жолдағы begin түйінді сөзі программаның
44
келесі операторлар бөлімінің басталғанын білдіреді. Біздің мы-
салда бұл бөлімде
WriteLn(Text);
операторы тұр, ол экранға мəлімет шығарады.
Программаны нүктемен аяқталатын end түйінді сөзі аяқтайды.
Нүкте компиляторға программаның біткенін хабарлайды. Осы
end.
сөзінен кейін жазылған мəтінді компи ля тор қабылдамайды.
Программаны аударып (компиляциялап) орындамас бұрын
осындағы жалғыз атқа ры латын операторды WriteLn(Text);
қарастырайық.
Жалпы Паскальда, оның ішінде Турбо Паскальда да, арнайы
енгізу-шығару операторлары жоқ. Программа сыртқы ортамен
мəлімет алмасу үшін арнайы стандартты процедуралар ды пай-
даланады. WriteLn(Text); – тіл құрамындағы мəлімет шы-
ғару проце дурасын пайдалану операторы болып табылады (оның
аты WRITE LiNe – жолды жазу сөзінен алынған).
Процедура түсінігі (8-ші тарауды қара) – тілдің негізгі ұғым-
дарының бірі. Процедура – бірсы пыра операторлар тізбегі, олар-
дың бəріне бір ат қою арқылы толық орындап шығуға болады.
Прог раммада поцедура аты кездессе, соған қатысты оператор -
лар тізбегі бір рет орындалады.
WriteLn процедурасы Паскаль тілінің стандартты, яғни ішкі
процедурасы болып та бы лады. Стандартты процедураны алдын
ала сипаттау қажет емес, оның атын кез кел
ген программада
көрсетіп, оператор сияқты орындай беруге береді.
WriteLn процедурасының бірнеше параметрлері болады.
Параметрлер процедура аты нан кейінгі жақша ішінде көрсетіле-
тін тізім түрінде беріледі. Біздің мысалымызда процедурада
тек бір ғана параметр – Text константасы көрсетіліп отыр.
WriteLn
проце дурасының алғашқы параметрі ретінде мəлімет
шығарылатын құрылғы немесе файл аты да көрсетіле алады
(5-ші тарауды қара), яғни программалаушы қайда мəлімет
шығаратынын өзі таңдайды. Егер құрылғы немесе файл аты
көрсетілмесе, онда мəлімет тікелей экранға шығарылады.
Сонымен, программада қолданылған төрт сөз (Program,
const,
begin жəне end) қорға енгізілген түйінді сөздер
болып саналады. WriteLn сөзі стандартты процедура аты, ол
45
қордағы сөздер санатына кірмегенмен, тілдің түйінді сөздері
қатарына жатады, яғни оны да басқа мағынада қолдануға бол-
майды. Программадағы екі сөз – My_First_Program жəне
Text
объектілер аттары – идентификаторлар (атау) ретінде
қолданы лып отыр. Програм малау шы идентификатор ретінде кез
келген сөз тіркесін пайдалана алады, оларға мынадай талаптар
қойылады:
•
идентификатор латын алфавиті əріптерінен, астын сызу
таңбасынан жəне цифрлардан құралады;
•
басқа символдарды идентификаторды жазу үшін қолдануға
болмайды;
•
идентификатор цифрдан басталмайды;
•
идентификатор бірде бір қордағы сөздермен немесе түйінді
сөздермен сəйкес болмауы керек;
•
идентификатор ұзындығы шектелмейді, бірақ программа
оның алғашқы 63 символын ғана түсінеді.
Идентификаторларда бас əріп пен кіші əріп бірдей болып
саналады, яғни мына сөз дер ді Text, text, TEXT компилятор бір сөз
деп ұғады.
Енді программаны орындайық. Ол үшін программа мəтінін
теріп болған соң, Ctrl – F9 пернелерін қатар басу керек. Егер
мəтін тергенде қате жіберілмесе, экрандағы сөздер өшіріліп,
оған программа нəтижесі шығарылады. Нəтиже шығарылатын
экран тұтынушы экраны деп аталады. Нəтиже толық шығып
болысымен, экранға қайтадан программа мəтіні шығады. Егер
нəтижені көре алмай қалған болсаңыздар, оны қайтару үшін Alt
– F5 пернелерін қатар басу керек. Нəтижені оқып болған соң, кез
келген пернені басу экранда программа мəтінін көрсететін Турбо
Паскаль редакторын қайта шығарады.
Енді Турбо Паскаль редакторы мүмкіндіктерінің бірімен
танысайық. Редактордың бас менюіне көшу үшін F10 пернесін
басып, тышқан сілтемесін (курсорын) Debug (тексеру – отладка)
опциясына, яғни командасына жеткізіп Enter пернесі басылса,
экранда осы опцияның келесі деңгей менюі ашылады. Жаңа
меню жоғары қатардан суырылып шығатын болғандықтан, оны
суырмалы немесе қалқымалы меню деп атайды. Осы менюдегі
Output (программаны шығару) опциясын таңдап, Enter-ді тағы
46
басайық. Экранға нəтижені көрсететін тұтынушы терезесі шығады
да, енді ол пернелерді басқанмен жабылып қалмай, тұрақты
түрде көрініп тұрады. Енді экранда екі терезе де (редактор жəне
нəтиже терезелері) көрініп тұруы үшін, қайтадан F10 пернесін
басып, Window сөзін таңдап, Enter-ді басайық та, курсорды Tile
(черепица) опциясына қойып, Enter-ді тағы да басайық. Егер бəрі
дұрыс атқарылса, экран 3.3-суреттегідей болып шығады.
Программа терезесінің айналасындағы қос сызықты жақтау
осы терезенің екпінді (активті) күйде жұмыс істеп тұрғанын
көрсетеді. Редактор терезесін екпінді ету үшін: Alt пернесін
басып, оны жібермей, 1 цифрын тереміз (редактор терезесінің
нөмірі – 1, ал тұтынушы терезесінің нөмірі – 2, олар 3.3-суреттегі
терезенің оң жақ жоғарғы бұрышында көрініп тұрады). Енді ары
қарай жұмыс істей беруге жол ашық.
Енді экрандағы программа мəтінін өзгертіп, үшінші жол
соңындағы нүктелі үтірді алып тастайық та, апостроф ішіндегі
сөзді де басқаша жазайық:
Text = 'Турбо Паскальда программалауды үйренемін'
Енді Ctrl – F9 пернелерін басып, программаны орындасақ,
компилятор қате бар екенін хабарлап, мынадай мəлімет береді:
Error 85: «;» expected. (85 қате: «;» болмай тұр.),
ал редактор курсорды begin сөзінің бірінші символына ор-
наластырады да, осы маңайда қате бар екенін көрсетеді (компи-
лятор «;» ажыратқышын оператор соңынан таппай, келесі сөзді –
begin
көрсетіп тұр). Программаны түзетіп – үшінші жол соңына
«;» таңбасын қойып, есепті қайта іске қосалық. Бұл жолы бəрі де
дұрыс болып, тұтынушы экранына төмендегідей мəтін шығады:
Турбо Паскальда программалауды үйренемін
Бұл мəтін константа мəніне толық сəйкес келеді, есеп дұрыс
шығарылды.
Паскаль тілінің программасы блоктардан құралады. Бір блок
ішіне басқа да кішігірім блоктар кіре береді. Блоктар екі бөлімнен
тұрады, олардың алғашқысы – мəліметтерді сипаттау бөлімі, ал
екіншісі – сол мəліметтерді пайдалана отырып, əр түрлі іс-əрекет-
терді (операцияларды, амалдарды) атқару бөлімі.
Мəліметтерді сипаттау бөлімі болмауы да мүмкін, ал екінші
бөлім – негізігі бөлім, ол міндетті түрде болуы тиіс. Басқа блокқа
47
кірмейтін блок басты (глобальды) блок болып саналады. Ал, блок
ішіндегі блок – жергілікті, локальды блок деп аталады.
Сонымен, кез келген программа синтаксистік ереже бойынша
тақырып пен блоктан тұрады.
3.3-сурет. Турбо Паскаль біріктірілген ортасындағы редактор жəне
тұтынушы экраны
Басты блок – негізгі программа блогы, сондықтан ол əрқашанда
болуы тиіс. Оның құрамына жергілікті блоктар – процедуралар
мен функциялар кіреді, олар кейбір программаларда болмауы да
мүмкін.
Программалардың негізгі объектілері болып саналатын айны-
ма лы, константа жəне олардың типтері де орналасқан блогына
байла нысты басты немесе жергілікті деп аталады. Программа
объектіле рінің де жұмыс істеу, əсер ету аймағы сол өздері ор-
наласқан блок
пен шектеледі. Блоктық құрылым программа
мəтінін тиянақты түрде қатесіз құрастыруға көмектеседі. Прог-
раммалық блоктың синтаксистік диаграммасын былай етіп көр-
сетуге болады:
Турбо Паскаль программасының тақырыбын жазбай да кетуге
рұқсат етілген, бірақ жалпы Паскаль тілінің стандарты бойынша
тақырып болуы қажет.
48
Сонымен, кез келген программаның тақырыбы, онан кейін
сипаттау бөлімі жəне begіn жəне end сөздерімен қоршалған
операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі, толық болған
жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:
1. программамен байланысатын кітапханалық модульдер
атауларының тізімі (ол uses түйінді сөзімен анықталады);
2. белгілерді (label) сипаттау;
3. константаларды (const) сипаттау;
4. мəліметтер типтерін (type) анықтау;
5. айнымалыларды (var) сипаттау;
6. процедураларды (procedure) сипаттау;
7. функцияларды (functіon) сипаттау.
3.4 Тілдің қарапайым конструкциялары
Негізгі символдардан тілдің бөлінбейтін ең кіші (минимальды)
синтаксистік бірліктері болып табылатын қарапайым конструк-
циялары құрылады. Оларға: идентификаторлар, константалар,
айнымалылар, стандартты функциялар көрсеткіштері жатады.
Программаның əр түрлі объектілерінің атаулары болуы тиіс.
Атаулар ретінде идентификаторлар қолданылады. Идентифи-
катор деп əріптерден, цифрлардан жəне астын сызу белгісінен
құрасты рылып, міндетті түрде əріптен басталатын символдар
тізбегін айтады. Идентификатор ұзындығы 63 символдан арт-
пауы тиіс. Идентифи катор лар ды мағынасы бар сөз тіркестерінен
3.4-сурет. Программа құрылымы
49
құрастырған дұрыс деп саналады, мысалы, MAX, MIN, BAGA,
SUMMA жəне т.с.с. Қордағы сөздер мен түйінді сөздерді иденти-
фикатор ретінде пайдалануға болмайды.
Константалар – программаның жұмыс істеу барысында өз
мəндерін өзгертпейтін мəліметтер. Константаларға атау беруге
(типін көрсетіп немесе көрсетпей де) немесе тікелей олардың
өздерін пайдалануға болады.
Арифметикалық константалар бүтін жəне нақты сандық
мəліметтерді бейнелеу үшін қажет.
Бүтін сандар: +4, -100, 15743, 0 жəне т.с.с. Разрядтылығы 16
биттен тұратын дербес ЭЕМ-дер үшін қолданылатын бүтін сан-
дар (ағылшын ша ІNTEGER) -32768 бен +32767 аралығында ғана
жазылады, бұдан үлкен сандар нақты сандарға айналдырылады.
Паскаль тілінде ондық жəне он алтылық бүтін сандар пайда-
ланы лады. Он алтылық сандардың алдына $ белгісі қойылады.
Мысалы, $ABC немесе $8B2.
Нақты константаларды жазудың бекітілген нүкте арқылы
жəне экспоненциальды (жылжымалы нүкте арқылы) түрлері бар.
Бекітілген нүкте арқылы жазылған санның бүтіні мен бөлшегі
нүкте арқылы бөлініп тұрады, ал экспоненциал сан орталарында
Е əрпі орналасқан мантисса мен дəрежеден тұрады.
<мантисса>Е{
±
}<дəреже>
Бекітілген нүкте арқылы нақты сандар кəдімгі табиғи аралас
сандар тəрізді санның бүтіні мен бөлшегін нүкте арқылы бөлген
күйде жазылады. Мысалы: 2.65, 0.5, -0.862, -6.0. Ал өте үлкен не-
месе өте кіші нақты сандар көрсеткіші бар экспоненциал сандар
ретінде жазылады да, олардың диапазоны əлдеқайда кең болады.
Мысалы:
Кəдімгі жазылуы
Паскаль тілінде
жазылуы
145
145
1F
$1F
147,125
147.125
-6,045
-6.045
12
×10
14
12Е+14
0,52
×10
4
0.52Е4
5,2
×10
-12
5.2Е-12
-45
×10
6
- 45Е6
4–1618
50
Турбо Паскаль тіліндегі константалар типтері мен олардың
өзгеру диапазондары, компьютер жадында алатын орындары
3.1-кестеде көрсетілген.
Паскаль ортасында бірнеше атаулары бекітілген константалар
бар, оларды жария ламай-ақ пайдалана беруге болады, олар:
MAXINT=32767, MAXLONGINT=2147483647.
Логикалық константалар екі мəннің бірін қабылдай ала-
ды: True (ақиқат) немесе False (жалған). Мұнда келесідей
константалардың логикалық типтері бар: Boolean (1 байт),
Bytebool (1 байт), Wordbool (2 байт), Longbool (4 байт).
Константалардың символдық типі Char ASCII (ақпарат
алмасудың американдық стандартты коды) кодтарының бір сим-
волын ғана бейнелей алады. Символ компьютер жадында 1 байт
орын алады. Символдық константа апострофқа ‘’ алынып жазы-
лады. Символдар өз кодтарына байланысты реттеліп орналаса
алады. Цифрлар мен латын алфавиті əріптерінің кодтары мына-
дай қатынастарға сəйкес реттеліп орналасады:
‘0’< …<‘9’<‘A’< …<‘Z’<‘a’< …<‘z’.
3.1-кесте
Константа
типі
Диапазоны (ауқымы)
Жады
көлемі
Ескертулер
Shortint
-128..127
1 байт
Таңбасы бар
Byte
0..255
1 байт
Таңбасыз
Integer
-32768..32767
2 байт
Таңбасы бар
Word
0..65535
2 байт
Таңбасыз
Longint
-2147483648..2147483647
4 байт
Таңбасы бар
Single
1.5E-45..3.4E38
4 байт
7-8 цифрлы,
таңбасы бар
Real 2.9E-39..1.7E38
6
байт
11-12 цифрлы,
таңбасы бар
Double
5.0E-324..1.7E308
8 байт
15-16 цифрлы,
таңбасы бар
Extended
3.4E-4932..1.1E4932
10 байт
19-20 цифрлы,
таңбасы бар
Сomp
9.2E18..9.2E18
8 байт
19-20 цифрлы,
таңбасы бар
51
Константалардың символдар тізбегінен тұратын тір-
Достарыңызбен бөлісу: |