Интернеттегі білім беру контенті – бұл электронды кітапханалар, журналдар, кітаптар, мәліметтер базасы немесе кез келген ақпарат көздері, және бүкіл әлемнің пайдаланушылары осы ақпаратты пайдалана алады.Сервистік құрылымдар бұлтты технологияларды пайдаланумен туындаған тәсілдегі өзгерістерді көрсетеді. Білім алушылар бастапқы білім мен дағдыларды есепке ала отырып оқытудың жеке таректориясын құруға, сонымен қатар ортақ қызығушылықтар негізінде қоғамдастыққа бірігуге мүмкіндік алады. Олар ақпаратты жеке блоктарда, портфолиода, веб-сайттарда, виртуалды әлемдерде және т.б. орналастыра алады. Ол үшін әр пайдаланушыға өзідерінің білім беру мақсаттары мен қажеттіліктерін жүзеге асыру құралы ретінде қалыптасқан дербес оқу ртасы қажет – оны ұйымдастырудың тәсілі артықшылығы бойынша бұлтты SMART-сервистер.
«Google» және «Mail» сияқты web-компаниялардың ақысыз SMART-сервистерімен танысу мәліметтерді «Бұлтта» сақтауға, презентацияларды, құжаттарды, кесте формаларын, сауалнамаларды жасауға мүмкіндік береді. Аталған сервистер интернетке қосылған кез келген құрылғы арқылы файлдарға ортақ қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Дәл осы жерде файлдарды жасауға және редакциялауға мүмкіндік бар.Бұлтты технологиялар деп сыртқы ресурстарды, ақпаратты сақтауға арналған орындарды пайдалануға мүмкіндік беретін технологияларды айтуға болады.Шындығында, бұлтты технологиялар өздерінің сервистерінің арқасында қарапайым ақпаратты сақтаудан бастап, күрделі қауіпсіз АТ-инфрақұрылымдарды ұсынумен аяқталатын шексіз мүмкіндіктерді ұсынады. Соңғы пайдаланушыларға есептеу қауатын ұсынумен қатар бұлтты технологиялар «бұлтты» ретке келтіруге және қолдау көрсетуге қабілетті АТ-мамандар үшін жаңа жұмыс орындарын ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |