бояу, циркуль, сызғыш көмегімен сурет салғандай, компьютер сурет салуға мүмкіндік
береді. Иллюстративті графика пакетінің ешқандай өндірістік бағыты жоқ. Сондықтан олар
мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видео сабақтар, видео презентациялар және т.б.
жасалады. Бұл мақсатта графикалық пакеттре компьютердің жылдамдығына және
жадысына талаптар қояды. Бұл класстың графикалық пакеттерінің айырмашылығы нақты
бейнелер, «қозғалатын суреттер» жасау мүмкіндігі. Нақты бейнелер жасау үшін
графикалық пакеттерде күрделі математикалық аппарат қолданылады. Мысалы,
үшөлшемді объектілердің суреті, қозғалыстары, әсерлесуі – геометриялық есептеулерімен
байланысты. Жарықтандыруды, көлеңкені, бет фактурасын көрсету үшін оптика заңдарын
ескеретін есептеулерді қажет етеді. ЭЕМ-де қозғалатын бейнелерді алу компьютерлік
анимация деп аталады. «Анимация» сөзі жандандыру деген мағынаны білдіреді. Мысалы,
мультфильм жасау үшін суретшілерге бір-бірінен тек біраз ғана айырмашылығы бар
мыңдаған суреттер салу керек. Содан бұл суреттер кинопленкаға түсіріледі. Компьютерлік
анимация жүйесі жұмыстың көптеген бөлігін өзіне алады. Суретші экранда қозғалатын
объекттің бастапқы және соңғы күйлерін салады, ал барлық аралық күйлерді компьютер
жасайды. Мұны жасау үшін берілген қозғалыс типін сипаттайтын математикалық
аппаратты қолданады. Экранға белгілі жиілікпен шығарылатын суреттер қозғалыс
иллюзиясын жасайды. Мультимедия деп қолданушыға бірнеше каналдармен әсер етуді
түсінеді. Мультимедия оқыту, жарнама, ойындар саласында қолданыс тапты.
Достарыңызбен бөлісу: