Просит принять срочные меры и оградить хозяйствующие субъекты Северо-Казахстанской области от неправомерных действий монополиста энергопередающей компании тоо «СевКазЭнергоцентр»



бет14/31
Дата29.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#88457
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Екіншіден, бұл Конституциялық Сотқа конституциялық емес деп мәселе қоятын екінші сатыдағы әкімшілік және жоғарғы соттың қарайтын федерациялық немесе жер заңдары. Дәл осындай процедурамен Ұлттық Кеңестің келісімімен жасалған мемлекеттік шарттары бақылауға алынады. Сол сияқты Конституциялық Соттың құзіретіне жалпы соттардың өтініштері бойынша әкімшілік және басқа да соттардың құзіреттері арасындағы даулар, әкімшілік пен конституциялық соттардың арасындағы даулар, жалпы соттар мен басқа бір соттардың арасындағы өздерінің құзіреттерін жүзеге асыруға байланысты мәселелер жатады.
Түйіндеп келген, биліктің бөлінісі және оның тармақтарға бөлінуі мен өзара әрекеттесуі шет мемлекеттерде әртүрлі дамыған. Біз билік бөлінісінің біріңғай үлгісінің жоқ екеніне көз жеткіздік. Классикалық үлгі ретінде АҚШ-тың билік бөлінісі жүйесі билік тармақтарының өзара әрекеттестігін нақты көрсетсе, кейбір мемлекеттерде өзінің тарихи даму ерекшеліктеріне қарай билік бөлінісінің және оның әрекеттестігінің тетіктерін анықтау қиынға соғады (Ұлыбритания). Дегенмен, бұл екі мемлекет те дамыған мемлекеттер қатарына кіреді. Біздің пікірімізше, шет мемлекеттермен салыстыра отырып қарағанда Қазақстанның билік тармақтарының өзара әрекеттестік тетіктері дұрыс бағытпен дамып келеді. Дегенмен, Қазақстанның тәжірибесіне Ұлыбритания мемлектінің құрамына кіретін Солтүстік Ирландия еліндегі билік бөлінісінің жүйесін, нақтырақ айтқанда «Ди-хонт» жүйесін қолдануға болады деп есептейміз. Бұл жүйе бойынша парламенттік сайлауда билік жүргізуге халықтан рұқсат алған партиялардың өкілдері міндетті түрде мемлекеттің атқарушы биліктің құрамында болуы тиіс. Ал дауысы жағынан екінші орынды алған партияның өкілі Премье-Министрдің бірінші орынбасары болуы керек. Бұл өз кезегінде атқарушы биліктің ортақ мақсатқа жетуде бірігіп жұмыс істеуін көздейтін болса, екінші жағынан билікке қол жеткізген партиялардың халық алдындағы жауапкершілігін арттырады. Бұл жүйе өз кезегінде мемлекеттік басқару жүйесінде билік тармақтарының өзара әрекеттестік тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

2. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БИЛІК ТАРМАҚТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖАҒДАЙЫ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет