Просит принять срочные меры и оградить хозяйствующие субъекты Северо-Казахстанской области от неправомерных действий монополиста энергопередающей компании тоо «СевКазЭнергоцентр»


Диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеті



бет5/31
Дата29.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#88457
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Диссертация от 18.04.2013г.

Диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеті.
Диссертациялық зерттеудің негізгі мақсаты – мемлекеттік билік тармақтарының өзара әрекеттестік тетіктерін тепе-теңдік және тежемелік қағидаты аясында талдау, мемлекеттік билік тармақтары өзара әрекеттестігінің әлеуметтік жағдайға, экономикаға әсерін, оның қалыпты дамуын бағалау, адамның құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін Парламент пен Үкімет қабылдаған заңдар мен өзге де нормативтік құқытық актілерден қорғау мәселесін қарастыру және осылардың негізінде билік тармақтарының өзара әрекеттестік тетіктерін жетілдіруге, нығайтуға байланысты тұжырымдар жасау болып табылады.
Көрсетілген мақсаттарға сәйкес осы зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылған:

  • Билік тармақтарының өзара әрекеттестік тетіктерін теориялық аспектіде тұжырымдау;

  • Мемлекеттік биліктің бөлінісін Тәуелсіздікке қол жеткізілгеннен бастап даму бағытын анықтау;

  • Билікті тармақтарға бөлу идеясының қазіргі замандағы шетелдік тәжірибені саралау;

  • Заң шығарушы биліктің мемлекеттік басқару жүйесіндегі қызметін және басқа билік тармақтарымен өзара әрекеттестік тетіктерін қарастыру;

  • Атқарушы биліктің басқа билік тармақтарымен өзара әрекеттестігін зерттеу, қызметінің оң және теріс тұстарын анықтау;

  • Сот билігінің басқа билік тармақтарымен өзара әрекеттестік тетіктері ерекшеліктеріне талдау жүргізу;

  • Заң шығарушы мен атқарушы биліктер қызметінің нәтижесін конституциялық емес деп тану бойынша соттың өтінішпен жүгіну институтының негізгі құрамдас элементтері ретіндегі субъект, объект және себеп пен негізге конституциялық құқықтық тұрғыда сараптама жүргізу арқылы Конституциялық Кеңеске соттың өтінішпен жүгіну институтын жетілдіру, нығайту және оның қалыпты дамуын қамтамасыз ету мәселелерін талдау;

  • Мемлекеттік басқарудағы билік тармақтарының өзара әрекеттестік тетіктерін жетілдіру бойынша мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар әзірлеу;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет