Зерттеудің қорғауға шығарылған ережелері мен қорытындылары. Диссертациялық зерттеудің алдына қойылған негізгі мақсаттарына сәйкес зерттеу нәтижесінде алынған және қорғауға ұсынылатын ережелер мен қорытындылар төмендегіше:
1. Мемлекеттік билік тармақтарының басқару ғылымындағы табиғатын, тиісінше мемлекеттік билік пен басқарудың даму динамикасы, оның мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер еткен факторларды анықтау зерттеу тақырыбының ғылыми негізін құрайды.
2. Заң шығарушы биліктің атқарушы билікпен арақатынасы кешенді зерттеліп, соңғысына қатысты бақылауды күшейту жөнінде авторлық көзқарас айтылды.
3. Парламент депутаттарының депутаттық сауал салулары қарстырылып, оның қай билік тармақтарына және мемлекеттік органдарға басымдығы бойынша жолданғандығы зерттелді.
4. Үкіметтің заң жобалау қызметіне баға беріліп, оны жетілдіру бағыттары нақтыланды.
5. Соттың мемлекеттік билік тармақтарына қатысты өкілеттіліктері нақтыланды және сот билігінің адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тұсындағы рөлі айқындалды. 7. Конституциялық Кеңестің билік тармақтарын жетілдірудегі миссиясы қарастырылып, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.
Диссертациялық зерттеу нәтижелерінің ғылыми-тәжірибелік маңызы.Диссертациялық жұмыс сипаты жағынан теориялық және тәжірибелік маңызға ие. Ғылыми маңызы жөнінен зерттеу жұмысы мемлекеттік билік тармақтарының өзара әрекеттестік тетіктерінің теориялық тұрғыда тұжырымдауымен анықталады. Ал зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы мұнда жасалған негізгі ережелер, тұжырымдар мен нақты ұсыныстар Парламенттің заң шығару процессінде, Үкіметтің заңға тәуелді нормативтік құқытық актілер қабылдауы тұсында, соттардың басқа билік тармақтарына қатысты бақылау жүргізу кезінде, сот жүйесін ары қарай реформалау және судьялардың мәртебесін нығайту кезінде, сондай-ақ адамның және азаматтың Конституциямен баянды етілген құқықтары мен бостандықтарын конституциялық құқықтық қамтамасыз етуде, тиісті мемлекеттік органдарда нормативтік құқытық актілер қабылдауда қолдануға болатындығымен анықталады.