Мысалы, сіз келесі мәселені шешуге тырысып, зерттеу жүргізген мұғалімнің зерттеуін зерттедіңіз:
"Менің оқушыларым эссе-аргументацияны қалай құру керектігін білмейді".
Осы мәселе бойынша жұмыс істей отырып, ол шәкірттерінің эссе сұрақтарын қалай талдау керектігін білмейтінін анықтады.
Сондықтан ол практикалық зерттеулердің екінші циклын өткізді, онда ол сұраққа жауап беруге тырысты:
"Егер мен оларға эссе сұрақтарын талдауға үйретсем, оқушыларымның эссе сапасы жақсарады ма?»
СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗ СӘТТІ МЕ, ЖОҚ ПА, СОНЫ БІЛУ ҮШІН ҚАНДАЙ ДӘЛЕЛДЕР ЖИНАЙ АЛАСЫЗ?
Сіз дәлелдемелердің бірнеше түрін жинай аласыз, мысалы:
үй тапсырмасын
шығарма
сабақта орындаған тапсырмаларын
тестер
өзіңіздің сабақ жоспарларыңызды
Оқушылардың кері байланыстарын
Сабақтағы немесе сабақтан кейінгі өзіңіздің жазған жазбаларыңыз
Бақылау графикаларыңыз (сызбалар)
Сіздің сабағыңызға берген әріптестеріңіздің кері байланыстарын
аудио және видеожазбаларыңыз
Әкімшілік, ата-аналар және оқушыларыңыздан алған сұхбаттар
Оқушылар сауалнамасы
Іс-әрекеттегі зерттеу шеңберінде САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІ өткізу
Сіздің Іс-әрекеттегі зерттеуді тиімді өткізуге ықпал ететін СЗ жүргізу мақсатын таңдаңыз
СЗ тақырыбы сіздің Іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбын дәл көрсетпеуі мүмкін, бірақ сіздің СЗ-іңіз Іс-әрекеттегі зерттеуіңізді неғұрлым тиімді өткізуге қалай ықпал ететінін түсінуіңіз керек
(мысалы, сізге маңызды дәлелдер жинауға, әріптестеріңізден тиімді кері байланыс алуға, сабақты жоспарлау дағдыларыңыздың дамуына ықпал етуге, жаңа әдістемені сынап көруге мүмкіндік береді және т. б.). бұл ретте СЗ-ге қатысу кез келген ролде болуы мүмкін (сабақ беретін мұғалімнің рөлінде де, шығармашылық топтың мүшесі ролінде де…)
САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ ҮШІН МҮМКІН СҰРАҚТАР
Оқушылар арасындағы диалогты қалай дамыту керек?
Оқушылардың логикалық ойлауын қалай дамыту керек?
Жұмысты топтарда/жұпта қалай тиімді пайдалануға болады?
АКТ-ны қалай тиімді пайдалану керек?
Мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын қалай жетілдіруге болады?