Реактивті депрессия – жақын адамының өлімін естігенде, өмірдегі ауыр сәтсіздіктерден кейін болатын зарығу. Ауру аз қозғалып, көбіне төсекте жатып өзін кінәлайды, өзін өзі өлтіруге әрекет жасауы мүмкін. Ұзақтығы бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылады. Балалар депрессиясы ұзаққа созылмайды.
Реактивті депрессия – жақын адамының өлімін естігенде, өмірдегі ауыр сәтсіздіктерден кейін болатын зарығу. Ауру аз қозғалып, көбіне төсекте жатып өзін кінәлайды, өзін өзі өлтіруге әрекет жасауы мүмкін. Ұзақтығы бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылады. Балалар депрессиясы ұзаққа созылмайды.
Реактивті параноид - психикалық зақымданудан кейінгі сандырақ ойларға ауысу. Ауру адам күдікшіл, сақ болады. Алған психикалық зақымына байланысты арызқой, күнәмшіл, өш алғыш болып алады, жер-жерге арыз жазып, жаңа талаптар қойып мазасызданады.
Реактивті параноид қатарына теміржол параноиды жатады.
Жол жүріп, жол бойы қатты шаршаған, көп арақ ішкен адамдарға айналасындағылар қастық жасайтындай көрінеді. Жаңа пассажирлерді шпион,кісі өлтірушілер деп біліп,олармен күресуге кіріседі. Пойыздан секіріп,қашып-пысып не біреулерді не өздері өліп тынады
Емдеу алдымен психикалық зақым көзін тоқтатуға бағытталады.
Емдеу алдымен психикалық зақым көзін тоқтатуға бағытталады.
Ступорда тежелуді қайтару үшін барбамил-кофеин дәрісі беріледі.
Депрессияда психотерапиядан басқа транквилизаторлар: седуксен, феназепам, нозепам, артынан антидепрессанттар: азафен, амитриптилин, мелипромин тағайындалады.
Реактивті сандырақ пайда болғанда трифтазин,галоперидол берілуі керек.
Невроздар.
Невроздар.
Невроздың үш түрі болады:
1) неврастения-жиі кездесетін,өмір жағдайының қиындауына байланысты барлық әлемде кең тараған ауру. Пайда болуы жүйкенің,психиканың ұзақ уақыт зорлануы,оның шаршауы деп табылады. Ұйқы жоғалу, ренжу, өзіне тапсырылған жұмысты алып жүре алмау, отбасындағы реніштер невростенияға алып келеді. Адамдар ашуланшақ,тез қозатын болады.
Эмоциясын тежеу, көз жасын тия алмау,өте сезім- талдық оның өзіне де басқаларға да қиын. Бара-бара ұйқышыл, селсоқ күйге түседі.
Ауру жай дамып бірнеше аптадан бірнеше айға созылады. Психогендік факторлар жойылғаннан соң әрі санаториялы-курорттық дем алу-емделу орындарында болғаннан соң ауру жазылады.
Бастапқы кезде ұйқы реттейтін, тыныштандыратын ванналар, физиоемдер, дәрілер: бром, күкірт қышқылы магнезия, седуксен, элениум, феназепам, нозепам қолданылады.