Психикалық бұзылулардың үш дәрежесі Психотикалық жағдай (психоз)



бет4/6
Дата08.10.2023
өлшемі125,72 Kb.
#113440
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2дәріс психозЛД

(Тұлғаның бұзылыстары)Психопатия.

  • Психопатия - патологиялық мінез, эмоционалды- жігерлік кемеліне келмеу. Тұқым қуалаушылық, құрсақтағы не туғаннан кейінгі алғашқы 2-3 жасқа дейінгі зақымдану бұл жағдайға алып келеді. Әлеуметтік себептер де тиісті орын алады.
  • Қозу типінде жөнсіз еркелік, өз дегенін істету, сиыспаушылық, төбелескіштік, қыр көрсеткіштік, арақ, темекіге үйірлік орын алады.
  • Тұрақсыз типте 11-12 жастағы жеткіншектер эмоциялық тұрақсыздық байқатады. Тілегі мен әуестігін тежей алмай тек рахаттану үшін күшін салады. Жылдам достасып, жылдам айрылысады. Келешегін ойламайтын қамқорсыз және бейқам өмір сүреді.
  • Истериялық (өзімшіл) типте бала басқалардан бөлектеніп, өзін оқшау көрсетуге тырысады. Мақсаты барлық жұртты өзіне қарату, табындыру. Өтірік пен қиялға жақын болып, күншіл, қызғаншақ болып келеді. Жұрттан сәнді кейініп, бөлек көрінуге тырысады. Ойлағандары болмағанда жылап - сықтап, әртүрлі истериялық әрекеттерге барады. Өтірік өзін - өзі өлтіру әрекеттерін жасаған болып, аяныш сезімін тудыруға тырысады. Арақ шарап, есірткелерге үйір.

Психоастениялық тип негізінде ересек адамдарда кездеседі.

  • Психоастениялық тип негізінде ересек адамдарда кездеседі.
  • Барлық жаңалықтардан қорқатын көңілшек адамдар,күмәнданғыш, ырымшыл, сақтанғыш келеді. Үнемі «бірдеңе болып қала ма» деп сақтанып жүреді. Тартқыншақтық не батыл қадам жасаудан тоқтатып, жолдастарынан кейін қалады.
  • Шизоидты тип- аутизмдік, жасанды тұйықтық. Жалпы адамдық мәселелерге жанын салып, басқа адамдарды аяп, ал жанындағы адамдардың қайғысы мен мұңына көңіл бөлмейді. Ішкі дүниесі бай болсада сыртқы дүниесі кедей көрінетін адамдар.

Органикалық аурулардағы тұлғалық өзгерістер көрінеді, қатты есте сақтау қабілетінің бұзылуы, интеллекттің төмендеуі. Бұл көрсетілген өзіндік «тұлғаның төмендеуі», яғни эгоцентризмнің жоғарылауы, ұсақ дүниелік мүдделердің басым болуы. Темпераментке тән ерекшеліктері – ашушаңдық, шаршағыштық, көңіл-күй, ашуланшақтық немесе керісінше сентименталдылық.

  • Органикалық аурулардағы тұлғалық өзгерістер көрінеді, қатты есте сақтау қабілетінің бұзылуы, интеллекттің төмендеуі. Бұл көрсетілген өзіндік «тұлғаның төмендеуі», яғни эгоцентризмнің жоғарылауы, ұсақ дүниелік мүдделердің басым болуы. Темпераментке тән ерекшеліктері – ашушаңдық, шаршағыштық, көңіл-күй, ашуланшақтық немесе керісінше сентименталдылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет