Лекция 11. Тұлғаны зерттеуде қолданылатын психосемантикалық әдістер Психодиагностикалық әдістерді құрастырудың психосемантикалық дәстүрдің психометрикалық әдістерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Психометрикалық әдістерде (тест, сұрақтамалар) таңдау тобында шығарылған тесттік нормалар бар, зерттелінуші көрсеткішінің таңдау тобындағы көрсеткіштердің үлестірімінде алатын орны анықталады. Яғни, адам басқа адамдармен салыстыру арқылы бағаланады. Психосемантикалық бағытта әр адам өзіндік субъективті тәжірибесі бар индивидуалды сананың иесі ретінде қарастырылады. Ч. Осгудтің семантикалық дифференциал әдісі. Психосемантика бұл индивидуалды сананың мағыналары мен мәндер жүйесін анықтаумен айналысатын, ХХ ғасырдың 70 жылдары қалыптасқан психологиялық бағыт. Мағына –бұл қоршаған ортаны жалпыланған түрде бейнелеу. Мағыналар адамзаттың тарихи дамуы негінде қалыптасады және түсініктер, білім, іскерлік, формасында көрінеді. Мән – бұл индивидуалды мағына, әр адамның тәжірибесінде қалыптасады. Мәндер адамның эмоцияларымен байланысты. Ч. Осгуд 1952жылы ұсынған семантикалық дифференциал әдісі прагматикалық мағыналарды анықтау үшін қолданылады. Прагматикалық мағына Ч. Осгуд бойынша бұл сөздің мағынасы мен ол тұғызатын эмоциялардың бірлігі. Ч. Осгудтің ойы бойынша әр түрлі сөздер-стимулдар адамдарда әр түрлі реакциялар тұғызуы мүмкін. Бұл реакциялар 2 параметр бойынша бөлінеді: сапасы және күші бойынша. Мысалы, қандай да бір стимулды – сөзді адам былай қабылдайды: жақсы __1___2___3___0__-1__-2___-3жаман. Яғни, СД әдісі –бұл 2 қарама-қарсы шкалалардың көмегімен мағыналарды сапалық, сандық шкалалау. Осы шкалаларды құрайтын сипаттамалардың арасында мағыналық байланыстар бар екендігін анықтаған. Сондықтан Ч. Осгуд ұсынған шкалаларды топтастырып, 3 факторды бөлген: 1. бағалау факторы, 2. күш факторы, 3. белсенділік факторы. Факторлар әр түрлі шкалалардың мазмұнын біріктіреді. СД –бұл психосемантикалық зерттеулерде қолданылатын негізгі әдіс. СД-бақыланатын ассоцияциялар мен шкалалау процедураларының комбинациясы. Одан басқа психосемантикалық зерттеулерде мынадай әдістер (технологиялық амалдар) қолданылады: субъективті шкалалау, рангилеу, топтау,
ассоциативті эксперимент, Келлидің репертуарлар кестесі.
Психосемантикалық әдістердің нәтижесі ретінде семантикалық кеңістіктерді құру болып табылады. Семантикалық кеңістіктер – бұл адам санасындағы мағыналардың, көзқарастардың кеңістіктік –координаталық моделі (үлгісі). В.Ф. Петренко Семантикалық кеңістікті құруда 3 кезеңін көрсетеді:
1. алғашқы эксперименталды мәліметтерді жинақтау. Зерттеленетін объектіледің –стимулдардың семантикалық байланыстарын анықтау. Ол үшін жоғары көрсетілген техникалық амалдар қолданылады.
2. анықталған семантикалық байланысатрдың құрылымын құру. Ол үшін семантикалық байланыстардың матрицасы жасалады. Яғни, ірі, жалпыланған мағыналық құрылымдар анықталады. Ол үшін факторлық талдау, класстерлік талдау, көп мөлшерлі шкалалу амалдары қолданылады.
3. анықталған семантикалық құрылымның интерпретациясы жасалады.