Психодиагностика ғылым саласы және тәжірибе ретінде Тексеру сұрақтары


Лекция 12. Қабілеттердің психодиагностикасы



бет13/17
Дата26.12.2023
өлшемі193,5 Kb.
#144145
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Лекциялар

Лекция 12.
Қабілеттердің психодиагностикасы
Қабілеттердің психодиагностикасы практикалық маңыздылығы өте зор, өзекті мәселелердің бірі. Қабілеттердің психодиагностикасын келесі жағдайларда жүргізеді:

  1. Адамның қандай да бір әрекетке бейімділігін анықтау үшін, яғни кәсіби бағдарлау мен кәсіби таңдау жағдайларында

  2. Балалардың интеллектуалды даму деңгейін, дарындылығын анықтау үшін

  3. Балаларды оқыту барысында олардың қабілеттеріне сәйкес оқыту үшін

Қабілеттер мәселесімен көптеген психологтар айналысқан. Кеңес психологиясында қабілеттерді жан-жақты зерттеген Б.М. Теплов. Оның «Способности и одаренность» деп аталатын кітабі бар.
Б.М. Теплов бойынша қабілеттердің 3 көрсеткіші бар:
1. қабілеттер – бұл адамдардың бір- бірінен айырмашылығын көрсететін индивидуалды-психологиялық ерекшеіктер
2. қабілеттер қандай да бір әрекеттің табыстылығын қамтамасыз етеді
3. қабілеттерді білімдер, дағдылар, іскерліктерден ажырату керек. Қабілеттер білімдер, дағдылар, іскерліктерді тез арада және жеңіл меңгеруге мүмкіншілік береді. Ал меңгерілген білімдер, дағдылар, іскерліктер қабілеттерді арығарай дамытуға мүмкіншілік береді.
Қабілеттердің негізінде туа біткен табиғи қасиеттер жатыр. Олар психологияда нышандар деп аталады. Нышандар әрекетті атқару барысында дамып, қабілеттерге айналады. Шетел психологиясында қабілеттерді анықтауға бағытталған тесттерде «aptitude» деген термин жиі қолданылады. Бұл термин жалпы немесе арнайы білімдер мен іскерліктерді меңгеру табиғи қабілеті деп анықталады. Яғни, қабілеттер туа біткен қасиет ретінде қарастырылады. Барлық қабілеттерді жалпы және арнайы қабілеттер деп бөледі. Жалпы қабілеттер (мысалы, жалпы ойлау қабілеттері) адам әр түрлі әрекеттерде қолданатын көптеген білімдер, дағдылар, іскерліктерді меңгеруін қамтамасыз етеді. Сондай жалпы қабілеттердің жиынтығын психологияда дарындылық деп атайды. Шетел психологиясында интеллект түсінігімен теңестіреді. Арнайы қабілеттер деп арнайы, ерекше әрекеттерге адамның қабілетін айтады. Арнайы қабілеттер классификациясы әр түрлі әрекеттерге сәйкес болады. (музыкалық, математикалық, сурет салуға қабілет т.с.с.). Осыған сәйкес психодиагностикады қолданылатын әдістер жалпы және арнайы қабілеттерге арналған. Бірақ, қабілеттерді бөліп тексеру көп жағдайда мүмкін емес. Өйткені, факторлық талдау көрсеткендей жалпы қабілет ретінде қарастырылатын интеллект вербалды, математикалық, кеңістік, мнемикалық сияқты бір неше арнайы қабілеттерден құралады. Психодиагностикада арнайы қабілеттерді екі негіз бойынша ажыратады: 1. психикалық функциялардың түрі бойынша (моторлық, сенсорлық қабілеттер), 2. әрекет түрі бойынша (әр түрлі кәсіпке сәйкес). Осы екі негізге сәйкес қабілеттер диагностикасы үшін қолданылатын әдістер жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет