бір тақырыпқа іріктеледі, мысалы, қалалар атаулары, өсімдіктер немесе
жануарлар атаулары. Ойынның тақырыбы – қалалар атаулары деп алсақ.
Əрине, баршаға белгілі қалаларды атаған жөн, оларды есте сақтау жеңіл.
Сонымен, ойынды бастаймыз. Жарыс қатысушылары шеңберге отырады.
- Тараз, -деп біреуі айтады. Төреші сол сəтте-ақ осы сөзді бақылау парағына
жазады.
Екінші ойыншы, аталған қаланы қайталай отырып, оған басқа қаланың атауын
қосады:
- Тараз, Павлодар.
- Тараз, Павлодар, Актау, - үшіншісі жариялайды.
Егер де үш ойыншы ойнаған болса, онда кезек қайтадан біріншіге өтеді. Ол
қалалар тізімін тағы да бір атаумен толықтыруы тиіс.
Мысалы.
- Тараз, Павлодар, Актау, Алматы.
Осылай, əр рет сайын бір қаланы қоса отырып, ойыншылар өздерінің кезекті
жүрісінде бұрын аталған барлық қалалардың реттерін бұзбай жəне біреуін де
қалдырмай қайталап айтулары тиіс.
Бас кезінде жеңілірек болады, бірақ атаулардың тізімі он шақтыға жеткенде,
шатаса бастайсың. Ал төреші, жаңа қосылған сөздерді өзінің бақылау
парағына жаза отырып, қатысушылардың атауларды жіберіп алмауын жіті
бақылайды.
Қате жіберген ойыннан шығады. Іштерінен біреуі жеңімпаз болғанға дейін,
қалғандары жарысты жалғастыра береді.
Осы ойынға қатысқылары келетін барлық қалаушыларды үшке бөліңіз. Əр
үштікте біреуі жеңімпаз болады. Ал содан кейін осы қызықты ойындағы
чемпион атағын алу үшін жеңімпаздардың финалдық кездесуін
ұйымдастырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: