жауап типтерін анықтау керек. Жағдайларды төмендегідей ұсынуға болады;;
- Досыңыз əңгіме айтып жатыр, сіздің кеткіңіз келіп тур;
- Сіздің досыңыз сізді ескертпестен сізге бейтаныс адаммен кездесу
ұйымдастырды;
- Сіздің көршіңіз сізді қызықты қойылымнан назарыңызды бөліп, акымақ
сұрақтар қойып жатыр;
- Сіздің құрбыңыз сізге жаңа шаш үлгіңіздің жарасымсыз екенін айтты;
- Досыңыз акшалай көмек көрсетуіңізді сұрайды, ал сіздің бергіңіз келмейді.
Қатысушыға тек бір ғана жағдай қолданылады. Топ əрбір қатысушының
жауабын талқыдан өткізеді.
«Сенің түсіңе не кіргенін, мен білемін» жаттығуы
Бұл жаттығуды əлеуметтік тренингінің əдіс-амалдарына жатқызу керек.
Қатысушылардан басқа адамның символикасын түсініп, бейсаналық күйіне
жету үшін «сезіну» қабілеті қажет етіледі. Тапсырма, былайыңша
айтылғанда, қиын. Оны тренингтік топ мүшелеріне толықтай шешу екі талай.
Дегенмен де
мұндай талпынысқа кірісу, біздің көзқарасымыз бойынша, өте
қызық. Қатысушылар кез келген жағдайда да эмпатикалық уайымдау алып,
əлемді басқа біреудің көзімен көріп, арман, қорқыныш, оның ұмтылуларының
зердесіне жетуге тəжірибе алады.
Нұсқа I. Топтың қатысушыларының əрқайсысына карточка беріледі.
Нұсқаулық шамамен мынадай:
- «Бейтаныстың жаны қара түнек» мақалы барлығына жақсы таныс.
Бұлай
айтқанда, əдетте адамдардың жасырын ойларын білдіреді. Бірақ, одан да үлкен
қара түнек болып бейтаныстың түйсіксіз сезімі табылады. Қане, біздің
бөгденің бейсанасының əлеміне еніп, оны түсінуге қаншалықты қабілетті
екенімізді тексеріп көрейік. Екі минут бойы біздің шеңберімізде отырған
адамдарға үнсіз қараңыз. Өзіңізге қайсыбірін жақсырақ зерттеген сияқтысыз,
ал қайсыбірі сіз үшін əлі де жұмбақ болып көрінеді. Ойланыңыз: осы отырған
адамдардың əрқайсысы түсінде не көруі мүмкін? Оның түстерінің бейнелеріне
сай келетіндері қайсысы? Сіздің ойыңызша, ол қандай түстерді жиі көреді?
Сіздердің əрқайсылрыңызда карточкалар бар. Карточканың б3р
жағына топ
мүшесінің есімін жазыңыз, ал екінші жағына «Бұл адам түсінде не көреді?»
сұрағына өзіңіздің жауабыңызды жазыңыз. Егер сіз қандай да бір адамның
түстерді сирек көреді немесе оларды мүлдем есте сақтай алмайды деп
есептесеңіз, онда солай жазыңыз. Карточкаларды барлық топ мүшелеріне
толтырыңыз.
Жұмысқа 30-40 минут уақыт. Бұл процедураның аяқталуына қарай,
жүргізушінің үстеліне карточкалар қатысушының өзінің аты жазылған
жағымен қойылады. Барлық қатысушылар жұмыстарын бітіргенде,
карточкалар мекен-жайларына таратылады.
Сіздердің бір немесе бірнеше карточкадағы түстеріңіз дұрыс табылғанын
байқағандарыңыз, қолдарыңызды көтеріңіздер. Жақсы! Енді, сіздердің
түстеріңіздің мазмұны жайлы жолдастарыңыздың жорамалдары мүлдем
түйіспейтін болса да, сонда да бұл карточкалармен жұмыс жасаңыз: оларды
тақырып бойынша топтастырып, сізде не шыққаны жайлы ойланыңыз.
Бұл ойынның қорытындысын талқылау өте қызықты болуы мүмкін. Егер топта
түс көруіне қатысты басқа қатысушылар бір
немесе бірнеше жағдайларда
«дəл тигізген» бір адам болған болса, бұның өзі осындай болжаудың
сараптама тəсілдері үшін керемет себеп болады. Дұрыс жауапты
«түс көріп келіуне» не көрсетті? Мүмкін, «түс көрушінің» қимылында оның
түстерін «көруге» мүмкіндік беретін бірдене бар? Табылған түс бейнесінің
түсіндірмесін одан да басқадан да есту қызықты.
Бір жағынан,
айтып кеткендей, бұл жаттығу сензитивтілік тренинг
құралдарының арсеналынан, бірақ екінші жағынан – ол кері байланыс
механизміне əсер етеді. Басқа адамдардың біз көретін түстерді жорамалдауы
– бұл олардағы біздің тұлға ретіндегі бейнеміз. Бұл əсіресе біздің түсіміздің
болжамдарындағы қандай да бір ұқсастық байқалынуынан, айрықша көрінуі
мүмкін. Мəселен, бір əйелге топтағы серіктестерінің көпшілігі түс
көруіне
тұрмыстық заттармен байланысты: көптеген үтіктелмеген жейделер, қайнап
жатқан кастрөл, шаңсорғышты жазады (адамдар негізінен бұл субъектінің
əлеуметтік рөлін үй шаруасындағы əйел ретінде қабылдайды), басқасына –
ұшатын түстер, ал үшіншісіне – қорқынышты
немесе ақылға сыймайтын
көріністерді жазуы мүмкін. Жүргізушінің өтінішімен қатысушылармен
жүргізілетін, карточканың классификациясы адамдарға тағылатын түстердің
басым тематикасын ашуға мүмкіндік береді, жəне бұл адамның
өзгешеліктерінтоппен қабылдауда дұрыс немесе бұрыс табуына тəуелсіз.
Достарыңызбен бөлісу: