Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері



бет4/5
Дата08.12.2023
өлшемі100,4 Kb.
#135011
1   2   3   4   5
Байланысты:
ONUvS8GrY7XVRL-llazESg

А.Залевскаяның: «Ресейлік психолингвистиканың негізі «сөйлесім әрекетінің теориясы» екені ешкімге дау туғызбайды», – деген пікіріне сүйенсек, сөйлеу әрекеті, осы әрекетті жүзеге асырушы тілдік таңбалар қызметі лингвистика мен психологияның логикалық бірлігін танытатын тілдік құбылыс ретінде психолингвистиканың зерттеу пәні болып табылады. Олай болса, адамзат баласына тән интеллектуалды іс-әрекеттердің ең жоғары функцияларының бірі – сөйлеу әрекеті, сол сөйлеу әрекетінің психологиялық мазмұны, құрылымы, оларды жүзеге асырудың әдіс­тәсілдері мен формаларын қарастыру психолингвистиканың маңызды зерттеу пәндерінің бірінен саналады.

  • А.Залевскаяның: «Ресейлік психолингвистиканың негізі «сөйлесім әрекетінің теориясы» екені ешкімге дау туғызбайды», – деген пікіріне сүйенсек, сөйлеу әрекеті, осы әрекетті жүзеге асырушы тілдік таңбалар қызметі лингвистика мен психологияның логикалық бірлігін танытатын тілдік құбылыс ретінде психолингвистиканың зерттеу пәні болып табылады. Олай болса, адамзат баласына тән интеллектуалды іс-әрекеттердің ең жоғары функцияларының бірі – сөйлеу әрекеті, сол сөйлеу әрекетінің психологиялық мазмұны, құрылымы, оларды жүзеге асырудың әдіс­тәсілдері мен формаларын қарастыру психолингвистиканың маңызды зерттеу пәндерінің бірінен саналады.
  • Психолингвистиканың келесі зерттеу пәні – индивидуалды сөйлеудегі ойлау әрекетін іске асырушы құрылым мен мазмұн ретінде тілдік жүйе, сөйлеу коммуникациясы процесіндегі тілдік таңбалардың қызметі қарастырылса, осы сөйлеу әрекетін жүзеге асырушы тәсіл ретінде адам баласының сөйлеу қабілеті қарастырылады. Өйткені, сөйлеу ̶ айтылатын сөз, ой-пікірлерді туғызушы және қабылдаушы процесс.

Кеңес және шетел тіл ғылымында психолингвистиканың көпшілік мақұлдаған белгілі бір нақты тұжырымға негізделген анықтамасы жоқ. Бұған психолингвистиканың кешенді синтетикалық ғылым болуы, әрі әлі де болса қалыптасу үстіндегі ғылыми ілімдердің бірінен саналатындығы дәлел болса керек.

  • Кеңес және шетел тіл ғылымында психолингвистиканың көпшілік мақұлдаған белгілі бір нақты тұжырымға негізделген анықтамасы жоқ. Бұған психолингвистиканың кешенді синтетикалық ғылым болуы, әрі әлі де болса қалыптасу үстіндегі ғылыми ілімдердің бірінен саналатындығы дәлел болса керек.
  • Көптеген ресейлік ғалымдар қазіргі таңда жалпы мазмұнға ие А.А.Леонтьевтің анықтамасын ұстанғанды жақсы көреді: «Психолингвистика пәні ̶ сөйлеу әрекетінің қызметі мен құрылымын адам әлемінің бейнесін түзуші тілдік жүйемен өзара қатынаста қарастырады».
  • Психолингвистиканың зерттеу нысаны ̶ белгілі бір тілді қолданушы ұжымдық сана, сөйлеу әрекетінің субьектісі танылатын адамзат баласының тілдік санасы, сөйлеу коммуникациясы, сөйлеуді қалыптастыру процестерін және онтогенездік сипатта тілді меңгеру сияқты мәселелерді кеңінен қарастыруды меже етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет