Сабақ Пән атауы : Инклюзивті білім беру Тақырыбы: 7-тапсырма



бет1/5
Дата04.02.2023
өлшемі83,34 Kb.
#65185
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
7 тапсырма.Инклюзивті білім беру


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты

7-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ


Пән атауы: Инклюзивті білім беру
Тақырыбы: 7-тапсырма.


Орындаған: Әлімғожа Дастан
(ҚТӘ ЖОО 2-курс ДОТ)
Тексерген: Мажинов Багдат
Алматы, 2022


Есту қабілеті зақымдалған балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету ерекшелігі. Естуінде ауытқуы бар балалардың психологиялық, педагогикалық сипаттамасы. Сурдомектеп жүйесі, мақсат-міндеттері, мазмұны. Естуінде ауытқуы бар балаларды әлеуметтік бейімдеу.


1.Есімейтін балалардың сөйлеу тілінің дамымауының пайда болу себептері

Кереңдік – туа пайда болған және жүре пайда болған болып бөлінеді. Туғаннан керең болу – ұрпақтың дұрыс дамымау салдарынан немесе әр түрлі улы заттармен уланғаннан, әр түрлі аурулардың себебінен пайда болады. Туа пайда болған кереңдікті баланың дамуына мұқият бақылағанда ғана байқауға болады.


Балалардың тілі даму кезіндегі «гуілдеуі» еститін баладан еш айырмашылығы болмайды. Бірақ бес айдан бастап, дыбыстарды ажырату, оған еліктеуі жоғалады. Естімейтін бала сезімін білдіргенде ғана, дыбыс шығарады (мысалы, анасының түрін көргенде, қарны ашқанда, ауырғанда, қорыққанда және т.б.). Қалыпты жағдайда естімейтін бала тыныш жатады. Осы кезде шығарған дыбыстар түсініксіз, бірқалыпты болады. Жүре пайда болған кереңдікке-туғаннан кейінгі сырқаттар немесе ауырған аурулары жатады (менингит, қызылша және т.б.). Сонымен қатар әр түрлі құлақ аурулары да жатады.
Кереңдік – мылқаулыққа әкеп соғады. Естімейтіндерде сөйлеу тілінің қандайда бір органикалық бұзылыстар байқалмайды. Қоршаған ортаның сөйлеу тілін естімегендіктен, оған еліктей алмағандықтан мылқау болып қалады. Есту қабілетінен айырылмағанға дейінгі баланың сөз қорындағы болған сөздерді есту қабілетінен айырылғанан кейін сөйлеу тілін дамытуға арналған арнайы жаттығулар керек.
Туылғаннан және жүре пайда болған кереңдіктен балаларды есту қабілетінің қалдығы болады. Мысалы, жуан дыбыстарды, қатты шуларды, дауысты дыбыстарды, қабылдайды. Алайда, бұл есту қабілетінің жағдайы, балалардың өзбетімен сөйлеуге, ауызша сөйлеу тіліне үйренуіне жеткіліксіз болып келеді.


Есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеудің маңызды және даму ерекшеліктері
Ортаңғы ми қабығына түсетін барлық мәліметтерді есту қабілетінің зақымдылықтарын қабылдайтын болғандықтан, даму процесінің бірінші зақымдануы болып табылады. Сол себептен есту зақымдылықтары мен байланысты бірқатар психикалық даму ерекшеліктері туады. Есту қабілеті зақымдалған балалардың дамуына әсер ететін жолдарды іздеу барысында көптеген әр түрлі естімейтін және нашар еститін оқушылардың жеке ерекшеліктерімен әлеуметтік қолдауларын, кемістікті компенсациялаудың оңай, әсерлі жолдардың оқушылардың физиологиялық деңгейін ескеру керек. Ресей дефектологтары оқушылардың оқу бағдарламасындағы қажеттіліктерін анықтай отырып, осы қажеттіліктерді іс-әрекет талаптарын өзгерте отырып қалыптастыруға болатыны дәлелді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет