жартысында психологиялық тіл білімндегі (индивидуальды-психологиялық тіл білімі)
14
лингвисттерді зерттеулерінде айқын кӛріне бастады (Г.Штейнталь, Г.Пауль
басшылығындағы жас грамматисттер және т.б.). Жас грамматисттер бағытындағы
тоқырау ХХ ғасырдағы жалпы тіл білімнде психологизмге деген негативті қатынастың
қалыптасуына алып келді. Бірақ ғалым Л.В.Сахарныйдың айуынша, Ресейдің тіл білімінде
И.А.Бодуэн де Куртенэ және Л.В.Щербадан басталатын «сӛйлеуші адам факторын» бағдар
ету (ориентация) дәстүр жалғасы (соңғы онжылдыққа дейін и.А.Бодуэн де Куртенэ және
Л.В.Щербалардың атақты еңбектері ленинградтық фонологиялық мектеп шеңберінде ғана
таныуына
қарамастан)
ешқашан
үзілмеген.
Демек,
Ресей
тіл
білімінде
психолингвистиканың негізі И.А.Бодуэн де Куртенэ және Л.В.Щерба тараптарынан
қалыптастырылған деп айтуға болады. Алайда психолингвистиканың ресми түрде дүниеге
келуі кейінгі кезеңдерге қатысты. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін 1953 жылы Блумингтон
қаласында психолингвистика бойынша семинар ұйымдастырылғаны белгілі. Ч.Осгуд және
Т.Сибеоктың редакциялығында жарияланған кітаптағы бұл семинардың нәтижелері
(келесіде Психолингвистика-54 деген атау түрінде беріледі) бүкіл әлемде
психолингвистикалық зерттеулердің жандануына, белсенділігін арттыруға мықты)
импульс (серпіліс) берді. Сондықтан психолингвистика тарихын қарастыруды 50-
жылдардағы америка психолингвистикасынан бастаған жӛн.
Психолингвистика-54-тің бірінші бӛлімдерінің бірі «Тілдік мінез-құлықты
қарастырудың үш жолы» (Три подхода к языковому поведению) деп аталады. Бұл бӛлімде
адам коммуникациясы жӛніндегі жалпы ой-пікірлер (рассуждения) техникадан, нақтырақ
айтқанда, жалпы байланыс теориясынан алынған модельге сүйенген. Жалпыланған түрде
мынадай схема бойынша берілген (1-суерт. Коммуникация схемасы):
Код
Кодтау Кодты шешу
Хабар -1 Сигналдар Хабар -2
Қандай да бір жіберуші (некий отправитель) болады. Жіберушіде хабар-1 бар.
Жіберуші хабарды сигналға айналдыратын (кодтайтын) жеткізушіні (передатчик)
қолданады. Сигналға айналу белгілі бір кодты пайдалану арқылы жүзеге асады.
Радиотелеграфистің жұмысын мысал ретінде келтіруге болады. Ол Морзе әліппесінің
нүкте-сызықшаларын телеграфтық кілтпен басып отырады. Сигнал байланыс каналынан
ӛте отырып, қасында алушы (получатель) орналасқан қабылдағышқа келіп түседі. Алушы
(получатель) сол бір кодтың кӛмегімен сигналды хабар-2-ге айналдырады (декодирует).
Сонымен, байланыс каналында хабарды түсінуді қиындататын кедергілер (шум-помеха)
пайда болуы мүмкін.
Таза техникалық түрде бұлайша қарастыру қайдан алынған? Ғалым
Л.В.Сахарный Психолингвистика-54 қалыптасқан 50-жылдардың басы ғылыми-
техникалық прогресс тарихындағы маңызды кезең болғанына назар аударады. ІІ
дүниежүзілік соғыстан кейін есептегіш техника белсенді түрде дами бастады, яғни
Н.Винердің еңбектері жариялана бастады, У.Эшби және басқа кибернетика ғалымдары
есептегш машиналарды ойлап таба бастады, ойлау жұмыстарының, машиналық
Жіберуші
(отправитель)
Жеткізуші
(передатчик)
Байланыс желісі
(канал связи)
Қабылдағыш
(приемник)
Алушы
(получатель)
Кедергілер (помехи)
15
аударудың проблемалары талқылана бастады. Осы жылдарда «
кибернетикалық
эйфория» пайда болды. Осыған байланысты Психолингвистика-54-ке кибернетиканың
әсері сезілуі заңды. Тілдік мінез-қылықты қарастырудың үш түрінің ӛзі осыны аңғартады:
лингвистиканың, психологияның және информатиканың теориясы тұрғысыныан
талқылануы.
Достарыңызбен бөлісу: