тұжырымдайды. Бұл – ғылым үшін жаңа ситуация.
(behavior – мінез-қылық). Бихевиоризм классикалық еуропалық психологияға ӛзіндік
реакция ретінде пайда болды. Себебі ХІХ-ХХ ғасырда психология дәстүрінде тоқырау
Физиологияны нәзік және дәл экспериментальды әдістердің кӛмегімен зерттеуге болады.
Ал оның қасында аңғару ӛте қиын психикалық процестер бар. Адамдарда ми,
биохимиялық процестер бірдей, бірақ психологиялық сипаты жағынан адамдар әр түрлі.
Ми – біздің психикалы қызметіміздің субстраты екені анық. Бірақ физиологиялық
бихевиоризм зерттеудің операциялық прагматикалық деңгейіне шықты. Бұл зерттеу
бойынша, белгілі бір тіршілік иесіне (ол адам немесе егеуқұйрық болуы мүмкін,
бихевиорсттер үшін маңызды емес) әсер етуші қандай да бір стимул (S) және бұл
стимулға қандай да бір реакция (R) болады. Қарапайым классикалық жағдайда бұл
16
қызықтырмауы мүмкін. Алайда оны (қара жәшікті) стимул сипаты, оның ұзақтығы,
жиілігі бойынша анықтау мүмкін және бұл стимулдарға реакцияның болжауға болатын
түрінің қаншалықты стандартты екенін кӛруге болады. ІІ дүниежүзілік соғыстың алдында
бихевиоризмде жаңа леп пайда болды. «Қара жәшіктің» ішіне ену қажеттілігі пайда
болды. Бихевиоризмнің принципиалды схемасы (S-R) сақтала отырып, необихевиористік
еңбектерде бұл схема күрделенеді. «Аралық ауыспалы» (промежуточная переменная)
ұғымы қалыптасты, яғни организмде қандай да бір аралық реакция тудыратын стимул.
Психолингвистика-54 психологиялық негізі неовихевиоризм болып табылады. Осыдан
ассоциативті құрылымдарға шығатын тура жол табылады. Ең қарапайым ассоциативті
құрылымға мысал келтірейік: егер орыс адамынан ақын сӛзіне кез келген сӛзбен тез арада
жауап беруін ӛтінетін болсақ, ол Пушкин деп айтуы әбден мүмкін. Мұнда стимул берілді,
бұл стимулға жауап реакция алынды (ақын стимулына Пушкин реакциясын орыс
аудиториясының 100-інің 90-ы жауап береді). Ч.Осгуд күрделірек ассоциативті
құрылымдарды қарастырады (мағына проблемасы, сӛйлеуді ұйымдастыру проблемасы
және т.б.). Экспериментальды зерттеулер семантикалық дифференциал кӛмегімен
жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: