Психолингвистика пәні бойынша


  Адамдар  арасындағы  тілдік  қарым-қатынасқа  лингвистикалық  тұғыдан



Pdf көрінісі
бет13/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   104
Байланысты:
p170220161

1.  Адамдар  арасындағы  тілдік  қарым-қатынасқа  лингвистикалық  тұғыдан 

қарау (подход). 

Психолингвистика-54 бойынша «лингвистика» дескриптивті лингвистика ретінде 

ұғынылады.  Себебі  Ч.Осгудтың  американдық  психолингвистикасының  лингвисттер 

тарапынан  қолдау  табуы  50-жылдардағы  классикалық  дескриптивті  лингвистикада 

тоқырауға  байланысты  еді.  Соғыс  жылдарынан  кейінгі  уақытқа  сәйкес  келген 

дескриптивті лингвистиканың шырқау биігі ӛзінің дербес дескриптивтік әдіс-тәсілдерінің 

мүмкіндігінің түгесуіне ауысты. Сонымен қатар, Н.Хомскийдің теориясының пайда болуы 

(«60-жылдардағы  психолингвистикадағы  транформациялық  бағыт»  тарауына  қараңыз) 

және  оның  америка  лингвистикасындағы  үлкен  беделге  ие  болуын  да  ескеру  қажет. 

Н.Хомскийдің  трансформациялық  грамматикасының  І  вариантының  пайда  болуы 

шамамен  Психолингвистика-54-тің  дүниеге  келуіне  сәйкес  келеді.  Дескриптивті 

лингвисттер және дескриптивті емес лингвисттер арасындағы дискуссиялардың бірі «сӛз» 

мәселелсінің  айналасында  болды:  Сӛз  дегеніміз  не?  және  тілдік  бірлік  ретінде  сӛз  ӛмір 

сүре ала ма? Дескриптивті лингвистика «сӛз» ұғымынан бас тартты,  «морфема» жӛнінде 

ғана сӛйлеуді жеткіікті деп тапты. Сонымен, психология «сӛз» ұғымымен, ал дескриптивті 

лингвистика  «морфема»  ұғымымен  ғана  шектелуді  жӛн  кӛрді.  Дескриптивті 

лингвистикада  ең  кішкентай  бірлік  «фонема»  болып  есептеледі.  Дегенмен,  реальды 

ситуацияда сегменттелген (бӛлшектенген) сӛйлеу ағынының (поток речи) «табиғи» бірлігі 

рӛлін  буын  атқарады.  Айталық,  мама  сӛзін  «аңғал  тіл  иесі»  (наивный  носитель  языка) 

фонемаларға  (м-а-м-а)  емес,  буындарға  (ма-ма)  бӛледі.  Дескриптивті  лингвистика 

синтаксистік  деңгейге  келгенде  «сӛйлем»  бірлігімен  жұмыс  істейді.  Осылайша,  екі 

бірліктер  қатары  келіп  шықты:  лингвистикалық  (фонема,  морфема,  конструкция)  және 

психологиялық  (буын,  сӛз,  сӛйлем).  Дегенмен  де,  Психолингвистика-54-те  екі  ұғымдар 

қатарының қақтығысының болмауы мүмкін емес. Қазіргі таңда Ч.Осгудтың еңбектерінде 

қарастырылғандай, морфема қай механизмде, ал сӛз қайда қызмет атқарады деп деңгейге 

бӛлу  орынды  деп  айтуға  келмейді.  Бірақ  бұл  проблеманың  қойылуының  ӛзі  бұл 

бірліктердің 

екеуінің 

(лингвистикалық 

және 


психологиялық) 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет