Психолингвистика пәні бойынша


Психолингвистиканың анықтамасы



Pdf көрінісі
бет3/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
2. Психолингвистиканың анықтамасы 

Н.Пронко  «психолингвистика»  терминін  ең  алғаш  рет  1946  ж.  АҚШ-та 

жарияланған  «Тіл  және  психолингвистика»  деп  аталатын  үлкен  кӛлемді  мақаласында 

қолданған  болатын.  Біраұ  бұл  термин  1953  ж.  Блумингтон  (штат  Индиана,  АҚШ) 

қаласында белгілі психологтар Дж. Кэррол, Чарлз Осгуд және лингвист, этнограф Томас 

Сибеоктар  ұйымдастырған  университетаралық  зерттеу  семинарында  ғана  ғылыми 

айналымға  енді.  Бір  жылдан  кейін  осы  тақырыпта  (психолингвистика)  ұжымдық 

монография  жарияланды  және  белгілі  бір  мазмұнға  ие  болған  «психолингвистика» 

термині қалыптасқан жаңа ғылыми теорияны білдіреді. 

«Психолингвистика»  термин  ретінде  ӛте  сәтті  қолданыс  болып  табылады.  Бұл 

термин  осы  ғылымның  комплекстігін  ерекше  кӛрсететін  және  интеграцияға  деген 

ұмтылысын  бейнелейтін  ғылыми  тіл  моделі  үшін  ӛнімді  түрде  қалыптасқан.  Термин  екі  

бӛліктен тұрады: психо (psyche – грекше жан), лингвистика (linqua – латынша тіл).  

Қазіргі  таңда  психлингвистиканың  кӛптеген  анықтамасы  бар.  Ең  алғашқы 

анықтамасы  1954  ж.  Америка  психолингвистикасының  негізін  қалаушы  Ч.Осгуд  берді. 

«Психолингвистика сӛйлеушілердің интенциясы (сӛйлеу ниеті) берілген код мәдениетінде 

қабылданған 

сигналдарға 

айналды 


және 

бұл 


сигналдар 

тыңдаушының 

интерпретациясында  ӛзгеріске  түседі.  Басқаша  айтқанда,  психолингвистика  кодтау  және 

текстің  мазмұн  кодының  шешілуі  (декодирование)  процестеріне  қатысты,  ӛйткені  хабар 

күйін  коммуникация  иелерінің  күйімен  байланысты  қарастырылады».  Психолингвистика 

пәнін  мұндай  тұрғыда  қарастыру  сӛзді  қабылдау  және  тууы  процестрі  коммуникация 

иелерінің  физиологиялық  және  психикалық  күйімен  қарым-қатынаста  болады.  Сӛйлеу 

процесі  тілдік  жүйемен  емес,  адаммен  және  оның  психикасымен  байланысты 

қарастырылады деп тұжырымдайды.  

С.Эрвин-Трипп және Д.Слобин ӛз кезегінде психолингвистиканы қысқаша былай 

түсіндіреді:  «Тіл  құрылымын  меңгеру  және  қолдану  жӛніндегі  ғылым».  Еуропалық 

зерттеушілер  де  осыған  ұқсас  анықтама  берген.  Мысалы,  П.Фресс:  «Тілдің  экспрессивті 

және коммуникативті қажеттіліктер мен құралдары арасындағы қарым-қатынас жӛніндегі 

ғылым».  Ал  Т.  Слама-Казаку  мынадай  түсініктеме  береді:  «Психолингвистика  пәні 

әңгімелесу  ситуациясының  хабарлауға  ықпалын  зерттейді».  Ғалым  (Т.Слама-Казаку) 

сӛйлеудің  ӛзара  әсерлесу  және  пікірлесу  мақсаттары  кездесетін  контекске  анализ 

жасаудыы ұсынады.  

Ресей  психолингвистикасының  негізін  қалаушы  А.А.Леонтьев  бұл  ғылымға 

(психолингвистикаға) бірнеше анықтама берген. Бірінші  анықтамада басқа ғалымдардың 

психолингвистика  жӛніндегі  пікірлерін  жинақтаған:  «Тілдік  жүйе  мен  тілдік  қабілеттің 

ӛзара  қарым-қатынасын  қарастыратын  ғылым».  Келесі  анықтамасы  мынадай: 

«Психолингвистика  пәні  біртұтас  тілдік  қызмет  және  оның  кешенді  модельдеу 

заңдылықтарын  зерттейді».  Осыған  байланысты  Ресей  тіл  білімінде  «психолингвистика» 

терминіне  синоним  ретінде  «тілдік  қызмет  теориясы»  деген  сӛз  тіркесі  қолданысқа  ие 

болды.  1989  ж.  А.А.Леонтьев  «Психолингвистика  пәні  сӛйлеудің  тууы  (сӛйлесімнің 

құрамдық  бӛлшектерін  жасауы  -  речепроизводство)  және  сӛйлеуді  қабылдау 

(речевосприятия)  процестерінің  құрылымдарын  тілдің  құрылымен  (кез  келген  немесе 

белгілі  бір  ұлттық)  қарым-қатынаста  зерттейді.  Психолингвистикалық  зерттеу  бір 

жағынан,  тілдік  қызметке,  екінші  жағынан,  тілдік  жүйеге  қарым-қатынастағы  адамның 

тілдік қабілеттеріне анализ жасауға бағытталған,» - деп есептеді. 




 

Ал  1996  ж.  А.А.Леонтьев:  «Психолингвистиканың  мақсаты  қоғамда  және  жеке 



тұлғаның  дамуында  тілдік  қызметпен  (сӛйлесім  әрекеті)  байланысты  сӛйлесімнің 

құрамдық бӛлшектерін жасауы мен қабылдау механизмдерінің қызметінің ерекшеліктерін 

қарастыру  болып  табылады,  »  -  деп  жазды.  Сонымен  қатар,  А.А.Леонтьевтің  мынадай 

анықтамасы бар:  «Психолингвистика – сӛйлеудің қалыптасу (речеобразования) процесін, 

сондай-ақ  тілдік  жүйемен  қарым-қатынастағы  сӛйлеудің  қабылдану  мен  қалыптасуын 

зерттейтін ғылым». 

Бұл анықтамада психолингвистиканың үш пәндік орталығы бар екені ескертіледі:  

1. сөйлесімнің құрамдық бөлшектерін жасау (индивидуалды сӛйлеу актында); 

2. сөйлеуді қабылдау (индивидуалды сӛйлеу актында); 

3. сөйлеудің қалыптасуы (нәрестенің жеке тұлға ретінде қалыптасу процесінде).  

А.А.Леонтьевтің  психолингвистиканың  пәніне  берген  соңғы  анықтамасы 

мынадай:  «Психолингвистиканың  зерттеу  нысаны  жеке  тұлғаны,  бір  жағынан,  сӛйлесім 

әркетнің  құрылымы  мен  қызметіне,  екінші  жағынан,  адам  дүниетанымын  басты 

қалыптастырушы  тілге  қарым-қатынасы  тұрғысынан  қарастыру  болып  табылады».  Бұл 

анықтамаға Ресей ғалымдарының кӛпшілігі келіседі.  

«Британик»  энциклопедиясында  психолингвистика  жӛнінде  былай  делінген: 

«Психолингвистика  тілдің  психикалық  аспектілерін  зерттейді.  Бұл  дисциплинаның  бір 

бӛлігі  ес  (кратковременной  память)  және  жадыны  (долговременной  память), 

лингвистикалық  модельдерге  негізделген  сӛйлеуді  қабылдау  және  жасау  стратегияларын 

эксперименталды 

зерттеуден 

тұрады». 

«Үлкен 

Кеңес 


энциклопедиясында» 

психолингвистикаға  ӛте  қысқа  анықтама  берілген.  «Психолингвистика  –  сӛйлеудің  тууы 

мен қабылдау заңдылығы жӛніндегі ғылым».  

Жоғарыда  берілген  анықтамаларды  саралай  келе,  психолингвистика  пәні 

жӛніндегі  кӛзқарастардың  эволюциясын  аңғаруға  болады.  Алғашында  психолингвистика 

сӛйлеуші  мен  тыңдаушының  интенцияларын  (сӛйлеу  ниеттері)  немесе  күйін  (состаяния) 

хабарлау  құрылымына  (структура  сообщений)  қатысын  қарастыратын  пән  ретінде 

берілген.  Психолингвистика  тілдік  жүйе  кӛмегімен  кодтау  (сондай-ақ,  текстің  мазмұн 

кодының  шешілуі  (декодирование)  процесі  мен  механизмін  қарастырады.  Бұл  жағдайда 

коммуникация иелерінің күйі (состояния) ақыл-ес (зерде, сана) күйі ретінде қабылданды. 

Ал  коммуникация  процесі  бір  индивидтен  екіншісіне  ақпарат  (информация)  жеткізу 

процесі ретінде қабылданды.  

Бұдан  кейін  тілдік  қызметтің  тек  екімүшелі  ғана  емес  (тілдік  қабілет  -  тіл), 

үшмүшелі  (тілдік  қабілет  –  тілдік  қызмет  -  тіл)  система  ретінде  идеялары  пайда  бола 

бастады.  Мұнда  тілдік  қызмет  алдын-ала  берілген  мазмұнды  кодтау  және  мазмұн 

кодының  шешілуі  процесі  ретінде  емес,  мазмұн  қалыптасқан  процесс  ретінде 

қарастырылады. Тілдік қабілет жӛніндегі түсінік кеңейтілді және тереңдетілді: ол (тілдік 

қабілет) тек қана ақыл-еске ғана емес, адамның тұтас тұлғасына қатысты қарастырылды. 

Ал  қарым-қатынас  (общение)  бір  индивидтен  екіншісіне  ақпарат  жеткізу  ретінде  емес, 

социумның (қоғам, қоғамдық топ) іштей ӛзін-ӛзі реттеу процесі ретінде қарастырылды. 

Бұл  оқулықтың  авторы  А.Белянин  ӛзінің  психолингвистика  жӛніндегі 

анықтамасын  ұсынбаған.  Оқырманға  ӛз  бетінше  ӛзіне  түсінікті  анықтаманы  таңдау 

мүмкіндігін береді  немесе мұндай керемет ғылымның курсын толық меңгергеннен кейін 

ӛзінің байымдауын беру тіптен жақсы екенін ескертеді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет