Психолингвистика пәні бойынша


Психолингвистиканың пәнаралық дисциплина ретіндегі мәні



Pdf көрінісі
бет5/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
4. Психолингвистиканың пәнаралық дисциплина ретіндегі мәні 

А.А.Леонтьевтің  ескертуінше,  «психолингвистика»  термині  тіл  білімі 

шеңберіндегі  түрлі  теориялары  мен  нақты  эксперименталды  зерттеулері  үшін  ыңғайлы 

атау  қолданысы  (ярлык)  болып  табылады.  Бұл  ғылым  қарастыратын  мәселелер  ауқымы 

айтарлықтай кең және тіпті әр түрлі материалдарды да қамтиды.  

Психолингвистика  шеңберінде  тіл  білімі  және  психологияның  философиялық 

аспектілеріне  жүгінетін  (бағдарланған)  зерттеулер  бар.  Бұл  жұмыстардың  қатарына  тіл 

және  ойлау,  тіл  және  сананың  (зерде)  ӛзара  байланыс  мәселесі,  адам  санасының 

онтогенезде  (жеке  адамның  санасында)  және  филогенезде  (қоғамда  тілдің  шығуы 

(происхождение) қалыптасуы жатады. 

Психолингвистиканың  кӛптеген  жұмысары  тұтас  ойдың  таңбалануы  (знакости 

мышления)  проблемасына  арналған.  Мысалы,  немістің  зерттеушісі  Лео  Вайсгербердің 

кітабы  «Ана  тіл  және  рухтың  қалыптасуы»  деп  аталады.  Бұл  еңбек  тіл  философиясы 

шеңберінде  жазылған,  бірақ  психолинвгистика  еңбектерінде  кең  пайдаланылады. 

Вайсбергер тілдік белгінің ерекшелігі жӛнінде жаза отырып, белгі (таңба) жӛнінде былай 

дейді: «а) оқиғалар ағымында бір сәтті белгілейтін, оны басқалардан ерекшелей отырып, 




 

оған  жаңа  мән  береді;  ә)  бұл  бастан  кешірген  сезімдерді  еркімен  жаңғыртуға  мүмкіндік 



береді  және  оңайлатады;  б)  түрлі  бастан  кешірген  сезімдердің  арасында  байланыс 

орнатады». Мұндай тұжырымдар психолингвистикада кең тараған.  

Психолингвистикаға 

мәтінді 


зерттейтін 

герменевтика 

ғылымымен 

де 


байланысты. Сӛйлеу мәтінінің тууы мен қабылдануы герменевтикада адамның шындықты 

түсіну  контекстінде  қарастырылады.  Герменевтикада  психолингвистика  секілді  мәтін 

интерпретациясының  (әрбір  оқырман  мәтінді  ӛзінше  түсінеді)  кӛптігі  жӛнінде  постулат 

(қағида) қабылданған. 

Психолингвистикада  мәдениеттану  және  ұлттық  психологиямен  араласқан 

тұстары  кездесетін  мәселелер  қатары  бар.  Вейсбергер  жазып  кеткендей,  тілде  оның 

ӛкілдері  үшін  маңызды  болып  табылатын  халық  тәжірибесі  қалыптасқан.  Тұтас  алғанда, 

коммуникацияның  ұлттық-мәдени  ерекшеліктері  минимум  екі  аспектіде  кӛрініс  табады. 

Бұлар,  біріншіден,  тіл,  ойлау,  есте  сақтау  (ес,  жады)  және  тілдесу  (общения)  қарым-

қатынастары  және  адамның  түрлі  қызметіндегі  тілдің  алатын  орны.  Екіншіден,  ұлттық 

спецификаға  ие  қарым-қатынас  процестері  мен  құралдары.  Бірінші  проблемалар  Сепир-

Уорфтың  лингвистикалық  қатыстылық  гипотезасымен  сипатталады,  екіншісі  – 

этнопсихологиямен.  

Тілдік  емес  мінез-құлықтар  лингвистиканың  зерттеу  нысаны  бола  алмайтыны 

белгілі, бұл этнографияның зерттеу саласына жатады. Бірақ ӛмірдегі қарым-қатынаста (в 

реальном общении) тілдік емес және тілдік іс-әркеттер ажырамас бірлікте екенін ескерсек, 

онда  мұндай  құбылыстар  психолингвистиканың  бір  бӛлімі  болып  табылатын 

этнопсихолингвистика 

қарастыратын 

мәселелер 

аясына 

(сферасына) 

кіреді. 

Этнопсихолингвистика  белгілі  бір  мәдениеттің  ерекшеліктерінің  тілдік  кӛрінісін 

сипаттайды,  сонымен  қатар,  белгілі  бір  этностағы  жест,  мимика  және  қимыл-қозғалыс 

тілін де зерттейді.  

Психолингвистикаға социолингвистика да жақын, әсіресе ер мен әйел тілдерінің 

айырмашылықтарын зерттейтін гендерлі лингвистика.  

Ресей  психолингвистикасында  массалық  коммуникациямен  байланысты  бӛлім 

бар.  Массалық  коммуникация  теориясы  радио  мәтіндерін  қабылау,  теледидар 

эффектілігін,  газет  мәтіндерінің  ықпалын,  саяси  плакаттар  мен  лозунгылардың, 

жарнамалардың адам санасына әсерін зерттейді.  

Психолингвистикада психологиялықтан гӛрі лингвистикалық сипаттағы еңбектер 

жеткілікті  мӛлшерде  кӛп  кездеседі.  Кӛптеген  лингвистикалық  еңбектер  сӛздің  қарым-

қатынас қызмет атқаруы үшін оның (сӛздің) формаларының мағынасының рӛлін зерттеуге 

арналған.  

Психолингвистикада фоносемантика (басқа атауы  - психофонетика) деген бӛлім 

бар. Фоносемантика тіл дыбыстарының эмоционалды мәнін зерттейді. Экспериментальды 

мәліметтер бойынша, орыс тілінде сӛйлеушілер дауысты дыбыстарға мынадай түр-түстік 

мағынаны  телиді:  а  –  қызыл,  я  –  ашық  қызыл,  о  –  ақ,  е  –  сары-жасыл,  ѐ  –  жасыл,  э    -

жасылдау,  и  -  кӛк,  у  -  кӛк-жасыл,  ю  –  күлгін,  ы  –  қара  қоңыр  (А.Журавлев  10 000-нан 

астам адамнан сұрау жүргізген). 

Психолингвистикалық  зерттеулерде  сӛз  мағынасы  проблемасы  үлкен  орын 

алады.  Тіпті  индивидуалды  білім  жүйесінің  шығуын,  құрылуын,  қызметін  зерттейтін 

психосемантика деген ерекше ғылым пайда болды.  

Грамматика  психологиясы  психолингвистиканың  бір  бӛлімі  ретінде  оның 

грамматикалық  формаларына  байланысты  қабылдау  және  түсіну  ерекшеліктерін 

зерттейді.  Мұнда  рецепция  (пассивті)  барысында  фразаны қайта  кодтау  жайы  маңызды 

болып  табылады.  Фразаның  сыртқы  құрылымынан  басқа  ішкі  құрылымы  болды  және 

оның  мәнін  түсіну  үшін  фразаның  сыртқы  құрылымын  ішкі  құрылымға  аудару  қажет. 

Психолингвистикалық  эксперименттер  синтаксистік  күрделі  фрзаларды  түсіну 

қиындығын айқындап берді (кӛбінесе пассивті немесе болымсыз құрылымдарды қабылдау 

активті немесе болымдыларға қарағанда кӛп уақытты талап етеді).  



 

10 


Психолингвистика  мәтін  лингвистикасымен  тығыз  байланысты.  Егер  мәтін 

лингвистикасы мәтінді жазу мен сӛйлеудің аяқталған ӛнімі ретінде статикалық тұрғыдан 

қарастырса,  психолингвистика  болса  сӛйлеу  қызметнің  ӛнімі  ретінде  динамикалық 

тұрғыдан қарастырады. Психолингвистика мәтін лингвистикасының аясында қабылданған 

мәліметтерді  қолдана  отырып,  текстің  мынадай  сипаттарына  ерекше  кӛңіл  бӛледі:  оның 

тұтатығына,  мағыналық  түсірілімдерге  (смысловых  пропусков,  скважиных),  эмотивтілік 

(эмоцияны білдіре білу қабілеті), прецендентілік (басқа мәтіндерге сілтемелердің кӛрінісі). 

Басқаша  айтқанда,  мәтін  психолингвистикасы  адам  (қабылдаушы)  санасында  мәтіннің 

қалай  ӛмір  сүретінін  қарастырады.  Кең  мағынада  мәтін  психолингвистикасы  пәні 

психостилистика және психопоэтикаға жақын болып келеді. 

Психолингвистикаға  тілдік  аппарат  құрылымының  проблемаларын,  сӛзді  айту 

механизмін, оның артикуляциясын зерттейтін сӛйлеу психологиясы да жақын.  

Сӛйлеу  психологиясы  шеңберінде  есту  аппаратының  қондырғысын  (дыбысты 

ажырату,  қабылдау),  сонымен  қатар,  адам  миының  түрлі  зақымдануынан  туындаған 

сӛйлеу  патологиясын  қарастырады.  Бұл  жағдай  сӛйлеу  тыныс  алу  және  шайнау 

(жевательные) органдары жүйесінің қозғалыс нәтижесі ретінде қарастырылады. Мысалы, 

сӛйлеу  психологиясы  үшін  ер  мен  әйел  сӛйлеуінің  акустикалық  айырмашылықтары 

маңызды (кӛбінесе алынған мәліметтер бойынша, ер кісінің дауысы 80-150 герцке ие, ал 

әйел дауысының диазапоны 120-140 герц).  

Психолингвистиканың  кӛптеген  әдіс-тәсілдері  психология  ғылымынан  алынған. 

Сондықтан  да,  психолингвистика  лингвистика  лингвистиканың  емес,  психологияның 

бӛлімі  деп  есептеледі  және  осыған  байланысты  кӛптеген  ғылыми  кітапханаларда 

психолингвистика  кітаптары  лингвистика  бӛлімінде  де,  психология  бӛлімінде  де 

кездеседі.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет