Психолингвистика пәні бойынша


Тіл – сөйлеу – тілдік қызмет



Pdf көрінісі
бет6/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
p170220161

5. Тіл – сөйлеу – тілдік қызмет 

Ресей  психолингвистикасында  Л.В.Щербаның  «Тілді  құбылыстардың  үштік 

аспектісі  және  тіл  біліміндегі  эксперимент  жайында»  (О  трояком  аспекте  языковых 

явлений  и  эксперименте  в  языкознании)  деген  еңбегі  елеулі  орын  алады.  Бұл  еңбекте 

психолингвистика пәніне мынадай тілдің үш аспектісін қарастыруды ұсынды.  

Бірініші аспект – бұл тілдік қызмет. Ғалым тілдік қызметті сӛйлеу және түсіну 

процестері  ретінде түсінді. Л.В.Щербаның ескертуінше, түсіну процесі  сӛйлеу процесіне 

қарағанда  белсенділігі  тӛмен  емес  (себебі  біз  бұрын  ешқшан  естімеген  мәліметімізді 

түсіне  аламыз).  Екінші  аспекті  –  тілдік  система  -  ең  алдымен,  сӛздік  пен  грамматика. 

«Дұрыс құрастырылған сӛздік пен грамматика берілген тілді мықты меңгертуі тиіс», - деп 

жазды Щерба. Сонымен қатар, ғалым тілдік жүйе индивидуалды сӛйлеу системаларында 

кӛрініс  табады  деп  тапты.  Тілдік  құбылыстардың  үшінші  аспектісі  –  тілдік  материал

«Бұл – жеке тұлғалардың қызметі емес, қоғамдық топтың белгілі бір ортада қандай да бір 

кезеңде  сӛйлеу  мен  түсіну  бірліктерінің  жиынтығы.  Лингвисттер  тілінде  бұл  –  мәтін, 

филолог түсінігінде бұл - әдебиет, қолжазба, кітаптар». 

Тілдік  қызмет  пен  тілдік  материалдың  арақатынасы  мынадай:  тілдік  қызмет 

тілдік  материалды  жасайды.  Тілдік  жүйе  лингвисттер  тарапынан  тілдік  материалдан 

құралады. Тілдік қызмет әрі тілдік материалды жасайды, әрі тілдік системаның ӛзгерісін 

де ӛз бойында сақтайды (несет в  себе). Осылайша тілдік құбылыстардың үш аспектілері 

бір-бірімен тығыз байланысты.  

 

 

 



 

 

 



 


 

11 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет