емес, практикаға бағдарланған (сүйенген) кӛзқарастар жүйесі ретінде пайда болды.
Мұның ӛзі ХХ ғасырдың 40-50 жылдарында дисциплина аралық тұрғыдан қарастыру
арқасында ғана шешімін таба алатын проблемалар қатарының болуына байланысты еді.
8
Әсіресе, соғыстан кейінгі массалық миграция кезінде түрлі халықтардың шетел
ттілін үйрену қажеттілігі пайда болды. Бұл жағдайда оқытушының алдында мынадай
мәселер қатары тұрады:
- Үйренушінің жас ерекшелігіне және оқыту этапына байланысты шет тілі
оқулығында тілдік материалды оптималды түрде құрастыру қалай?
- Балаларды қанша жастан бастап шет тіліне үйретуге болады? Қалай қысқа
мерзім ішінде үйренушіні билингвист етуге болады?
- Бӛтен мәдениетті қалай меңгеруге болады? Аккультурация (бӛтен мәдениетті
меңгеру) және окультурация (ӛзінің мәдениетін меңгеру) механизмдері қандай?
- Жаңа тілді меңгеру барысында аударма болады ма немесе жаңа ойлау
структурасы қалыптаса ма?
Бұл сұрақтарға шет тіл мұғалімі жауап беруге шамасы келмейді, бұл үшін
психологияның кӛмегі қажет болды.
Сонымен қатар, ӛзінің ана тілін меңгеру қалай жүзеге асатыны аяғына дейін
белгісіз болып отыр.
Ақыл-есі кем, керең-мылқау және соқыр-мылқауларды оқытуда да проблемалар
пайда болды. Бұл жерде де лингвистикамен таныс психологтың кӛмегі қажет болды.
Психолингвистканың келесі бір пайда болу себебі мидың зақымдануынн
бұзылған сӛйлеуді қалпына келтіру. Айталық, соққы алған кезде (әсіресе, соғыс
жылдарында) адам қоршаған ортада бағдарлау қабілетінен айрылып қана қоймай, сӛйлей
де алмай қалады немесе ӛзіне арналған сӛзді түсіне алмайды. Мұндай жағдайда тек
нейрохирургтың ғана емес, лингвистиканың бір бӛлімі ретінде нейролингвистиканың
қажеттігі де туындады.
Психолингвистиканың тағы бір пайда болу себебі техникалық құралдардың
кӛмегімен үлкен қашықтықтарда информация тарату қажеттігіне байланысты. Себебі
байланыстырушылар түсініксіз хабарларды жиі (әріптер түсіп қалған немесе
алмастырылған) алып жатты. Бұл байланыстырушылардың қателіктерінен немесе
байланыс каналдарындағы кедергілерден пайда болатын. Әскери адамдар арасында
инженерлік лингвисттерді түсініксіз хабарларды түсінуге кӛмектесетін кедергілердің
деңгейін анықтау проблемасы қызықтырады. Сондықтан олар мәтінді кодтау және мәтін
мазмұн кодын шешу тіл құрылымымен және адамның информацияны түсіну
психологиясымен байланыстыра отырып қарстыру проблемасымен айналысты.
Соттық психология үшін маңызды болып табылатын сӛйлеуі бойынша адамның
жеке басын анықтау қажеттілігі де психолингвистикалық зерттеулерді туғызды (кейде
анонимді мәтін авторының жынысын, жасын және білімін анықтау қажет болады).
Достарыңызбен бөлісу: