тек жалпы психологиялық принциптерді ұсынды. Оның идеясын басқа совет психологы
Александр Романович Лурия ары қарай дамытты. Ол нейропсихологиямен, әсіресе мидың
белгілі шеңберінің зақымдануындағы жоғарғы психофизиологиялық механизмдердің
қызметінің проблемасымен айналысқан. Ғалым сӛйлеудің динамикалық схемасы жайында
ілімді жетілдірді. Оның ойынша, бұл динамикалық схема сӛйлеудің түпкі ойының
мағынаға кӛшу проблемасы болып табылады. Сӛйлеудің қалыптасуы бірқатар кезеңдерді
1. Бірінші кезең «семантикалық жазба (записи)» немесе бастапқы (исходной)
айналуы тиіс тығыздалған (свернутого) сӛйлеудің сипатына» ие болады. Сӛйлеудің
бастапқы схемасы немесе семантикалық жазбасы қатал тәртіппен екі бӛлімнен тұрады –
бастапқы схеманы, яғни алдағы сӛйлеуде потенциалды түрде кӛрінуі тиіс байланыстар
бӛлшектелмейді, тек кейінірек ол кеңейтіледі (бірліктердің бір ізді жиынтығы болып
мағыналардың кеңейтілген (развернутых) синтаксистік ұйысымдағы жүйеге» кӛшуі
48
Лурияның пікірінше, кеңейтілген сӛздік пікір, бір жағынан, тілдесі және ақпарат
беру үрдісіне енгізілген, екінші жағынан, оның құрамына бір ғана сӛйлем емес, бір-
бірімен байланысқан сӛйлемдердің тұтас тізбегі кіреді. Лурияның кеңейтілген сӛздік
пікірдің құрамына кіретін фраза немесе сӛйлемді контекстен (практикалық және тілдік)
тыс зерттеуге болмайды деген пікірі ресей психолингвистикасы үшін маңызды екенін
атап ӛткен жӛн.
Сондай–ақ, кеңейтілген сӛздік пікірдің құрамына енетін сӛйлем референттік
мағынадан басқа, тағы тілдік қарым-қатынаста қалыптасатын әлеуметтік-контекстік мәнге
ие. Сондықтан да «сӛйлеу әрекетінің қалыптасу процесіне тек қана лингвистикалық
анализ жасау жеткіліксіз және тілдесу ситуациясын, сӛйлеушінің мотивін, ақпарат
мазмұнын, оған тыңдаушының қатынасын және т.б. есепке алатын психологиялық
(мүмкін, социальды-психологиялық) анализ да қолданысқа енуі керек».
Бұл санап шығарылған атап ӛтілген ерекшеліктердің барлығы ғалым Лурияға
сӛйлеуді кез-келген басқа психологиялық қызмет формасы секілді психологиялық
құрылымға ие тілдік қызметтің айрықша түрі ретінде қарастыруға негіз берді.
Ӛз кезегінде, кеңейтілген сӛйлеудің туындауы ӛз құрамына тек осы пікір айтудың
бір ізділігін анықтайтын бастапқы схеманы (исходной схемы) ғана емес, сондай-ақ
«сӛйлеудің сыртқа шығатын компонентттерінің кӛрінісін үнемі бақылауды да, ал
күрделірек жағдайларда қажетті сӛйлеу компоненттерін саналы түрде таңдауды да»
енгізеді.
Осылайша, Л.Р.Лурияның пікірінше, сӛйлеудің туындау процесі «дайын ойдың
сондай дайын тұжырымдамалар жүйесіне және кейінірек кеңейтілген пікірге айналуының
нақтылы кӛрінісі емес. Пікір айту – бұл ӛзінің мотиві (уәжі), бастапқы мақсаты немесе
түпкі ойы және бақылауы бар қызметтің белгілі бір түрі».
Достарыңызбен бөлісу: