Психолингвистика пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет80/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   104
Байланысты:
p170220161

2. Ассоциативті эксперимент 

 

Ассоциативті 



эксперимент 

(associative 

experiment) 

семантиканың 

психолингвистикалық анализінің жақсы ӛңделген техникасы болып табылады.  

2.1.  Ассоциативті    эксперименттің    процедурасы.  Сыналушыларға  сӛздердің 

тізімі  беріледі  де,  оларға  ойыңа  келген  бірінші  сӛзбен  жауап  беру  ұсынылады.  Әдетте 

әрбір сыналушыға 100 сӛзге жауап беруге 7-10 минут беріледі. Ассоциативті сӛздіктердегі 

берілген реакциялардың кӛпшілігі университет және колледждің 17-25 жас аралығындағы 

студенттерінен алынған, олар үшін стимулдар тілі ана тілі болып табылады. 

Ассоциатвиті эксперименттердің бірнеше түрлері бар: 

1. Еркін ассоциативті эксперимент. Сыналушыларға реакцияда ешқандай шектеу 

қойылмайды.  

2.  Бағытталған  мақсатты  ассоциативті  эксперимент.  Сыналушыларға  белгілі  бір 

грамматикалық  немесе  семантикалық  клас  бойыша  ассоциация  беру  талап  етіледі 

(мысалы, зат есімге сын есім таңдау). 



 

71 


3.  Тізбекті  ассоциативті  эксперимент.  Сыналушыларға  бір  стимулға  бірнеше 

ассоциациялармен  жауап  беру  талап  етіледі.  Мысалы,  20  секунд  ішінде  10  реакциямен 

жауап беру.  

Ассоциативті  нормалардың  арнайы  сӛздіктері  болады,  кең  танымлдылар 

қатарына  Дж.  Лизаның  сӛздігі  жатады  (J.  Deese.  The  Structure  of  associations  in  language 

and  Thought.  Baltimore,  1965).  Орыс  тіліндегі  осындай  бірінші  сӛздік  А.А.Леонтьевтің 

редакциялығында  «Орыс  тілінің  ассоциативті  нормалар  сӛздігі»  деген  атпен  1977  жылы 

Москвадан шығарылған болатын.  

Қазіргі  таңда  орыс  тілінде  толық  сӛздік  «Орысша  ассоциативті  сӛздік»  болып 

табылады  (құрастырушылар:  Ю.Н.Караулов,  Ю.А.Сорокин,  Е.Ф.Тарасов,  Н.В.Уфимцева, 

Г.А.Черкасова.  –  М.,  1994-2002).  Ол  мынадай  бӛліктерден  тұрады:  1  т.  Тікелей  сӛздік: 

стимулдан  реакцияға;  2  т.  Кері  (обратный)  сӛздік:  реакциядан  стимулға;  3-6  т.  басқа  екі 

сӛздер  тізімінің  тікелей  және  кері  сӛздігінен  тұрады.  Бұл  сӛздіккте  1277  стимул  стимул 

бар,  бұл  күнделікті  тұрмыста  сӛйлеушілер  қолданатын  сӛздер  (1500-3000)  санынан  аз; 

жауаптар ретінде 12 600 түрлі сӛз жазылған, барлығы – миллионнан астам реакция.  

«Орысша  ассоциатвиті  сӛздіктегі»  сӛздіктік  мақалалардың  құрылымы  мынадай: 

алдымен  сӛз  беріледі,  сосын  жиілігі  кеміген  ретпен  (санмен  кӛрсетілген)  орналасқан 

реакция беріледі. Ішкі жағында рекациялар тобы алфавитті ретпен орналасқан (5):  

(5) ЛЕС... поле, деревья 11, осень, большой, береза 7 и т.д. 

Әрбір мақаланың соңында цифр берілген (6): 

(6) ЛЕС... 549+186+0+119. 

 Алғашқы  сан  стимулдарға  берілген  реакциялардың  жалпы  санын  кӛрсетеді, 

екіншісі – түрлі реакциялардың санын, үшіншісі – берілген стмулды жауапсыз қалдырған, 

яғни бас тартқан сыналушылардың саны. Тӛртіншісі – жеке, жалғыз-жарым жауаптардың 

саны, яғни тек бір рет ғана берілген және жиілігі бірге тең реакциялар.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет