Психолингвистика пәні бойынша


  Ассоциативті  эксперименттің  жауаптарының  интерпретациясы



Pdf көрінісі
бет81/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   104
Байланысты:
p170220161

2.2.  Ассоциативті  эксперименттің  жауаптарының  интерпретациясы. 

Ассоциативті 

эксперименттердің 

нәтижелерін 

интерпретациялаудың 

кӛптеген 

мүмкіндіктері  бар.  Ғылыми  айтыстардың  егжей-тегжейіне  жетпей,  олардың  кейбірін 

қарастырып шығаыйқ.  

Ассоциативті  эксперименттің  жауаптарының  анализі  барысында,  ең  алдымен, 

синтагмалық (7) және парадигмалық (8) ассоциациялар жіктеледі:  

(7) аспан – кӛк, машина – айдау, шылым шегу – жаман 

(8) стол – стул, әке – шеше 

Синтагмалық  асоциациялар  деп  сӛз-стимулдың  грамматикалық  класынан 

реакцияларының  грамматикалық  класы  ерекшеленетін  ассоциацияларды  айтамыз. 

Парадигмалық ассоциацияларда сӛз-реакциялар сӛз-стимулдың грамматикалық класымен 

бірдей  болып  келеді.  Бұлар  «минимальды  контраст»  принципіне  бағынады,  яғни  сӛз-

стимулдар  сӛз-реакциялардардан  семантикалық  компоненттерінің  құрылымы  жағынан 

неғұрлым  азырақ  ерекшеленетін  болса,  сӛз-реакциялардың  ассоциативті  процестегі 

актуализациясы мүмкіндігі  соғұрлым жоғары болады. Бұл принцип неліктен ассоциация 

характері  бойынша  сӛз-стимулдардың  семантикалық  құрамын  қалпына  келтіруге  мүмкін 

екенін  түсіндіреді:  сӛздерге  берілген  кӛптеген  ассоциацияларда  сӛз-стимулдардың 

мағынасына ұқсас белгілердің қатары бар (9). 

Тіл  иесіне  реакциялар  бойынша  стимулды  табу  оңай  болуы  мүмкін  (9  бұл 

каникулдар

(9)  жазғы  11;  жаз  10;  демалыс  6;  қысқа,  жуырда,  алақай  4;  іссіздік  (безделье), 



ауылда (в Простоквашино), басталды, мектеп 

Парадигмалық  ассоциациялар  тілдік  қатынасты,  ал  синтагмалық  –  сӛйлеуді 

бейнелейді деп есептеледі.  

Сонымен  қатар,  түрлік  қатынас  (10),  стимулмен  фонетикалық  жағынан 

ұқсастыққа ие реакциялар (11), клишалық (12), және жеке (13) түрлері де жіктеледі:  

(10) жануар – мысық, үстел – жиһаз 




 

72 


(11) дом – том, мышка – книжка 

(12) шебер – он саусағын ӛнер тамған, гость- каменнный 

(13) ер – мен міндеттімін (я должен) 

 2.3.  Ассоциативті  эксперименттердің  нәтижелерінің  мәні.  Ассоциативті 

эксперимент  психолингвистикада,  психологияда,  социологияда,  психиатрияда  кең 

танымал және белсенді түрде қолданылады.  

Ассоциативті эксперименттердің нәтижелері, ең алдымен, лингвистиканың түрлі 

салаларында  қолданылуы  мүмкін.  Кӛбінесе,  бұл  эксперимент  саны  кӛп  сыналушылар 

арасында  жүргізілетіндігін  әрбір  сӛз-стимулдарға  сӛз-рекациялардың  жиілік  таблицасын 

құрастыруға болады. осы арқылы әр түрлі сӛздер арасындағы семантикалық жақындықты 

(семантическое  расстояние)  анықтауға  болады.  Сыңар  сӛздердің  семантикалық 

жақындығының ӛлшемі  жауаптардың сәйкес  келу деңгейі  болып есептеледі, яғни оларға 

берілген  ассоциациялардың  ұқсастығы.  Түрлі  авторлардың  еңбегінде  бұл  ұқсастықтар 

түрлі  атпен  беріледі:  «қиылысу  коэффициенті»,  «ассоциация  коэффициенті»,  «нормадан 

асып түсу шамасы».  

Сӛздер  арасындағы  семантикалық  ара  қашықтықты  анықтау  лингвистиканың 

проблемаларының  бірі  –  синонимдерді  анықтауда  кӛмектесуі  мүмкін.  Егер  мағынасы 

жағынан ұқсайтын сӛздер (14) арасындағы ұқсастық  деңгейін анықтау керек болса, онда 

түрлі адамдардан сұрау қажет және әрбір адам олардың ұқсастығын түрліше түсіндіреді. 

Айталық біреулер үшін жұмыс іске ұқсайды, басқалар үшін еңбекке ұқсайды. Сондай-ақ 

сыналушыларға  бұл  сӛздердің  әрқайсына  рекцияларын  беруді  ұсынуға  болады,  соңынан 

қанша  реакциялар  сәйкес  келетіні  қарау  керек.  (Бұл  жағдайда  бәрінен  жұмыс  –  еңбек 

жақын  болды,  одан  кейін  іс-жұмыс,  соңынан  еңбек  -  іс).  Осылайша  ассоциативті 

эксперимент  әдісі  кӛмегімен  саны  кӛп  сыналушылар  арасында  жүргізілген  сұрақ  бұл 

сӛздер арасындағы семантикалық ұқсастықты кӛрсетті. 

(14) жұмыс, еңбек, іс 

Кейде  мұндай  мәліметтерді  мәтіннің  дистрибутивті-статистикалық  анализінің 

нәтижелерімен сәйкес келеді, яғни зерттеушліре экспериментке қӛңіл бӛлмей сӛз тіркесіне 

есептеу жүргізе отырып анықтайды (диструбуция). Ассоциативті эексперимент тіл иесінде 

тілдік сананың фрагменттері қалайша құрылғанын анықтауғаа кӛмектеседі.  

Ӛз  кезегінде  Дж.  Диз  ассоциативті  эксперимент  негізінде  сӛздің  семантикалық 

құрамын  қайта  құруға  тырысты.  Сӛз-стимулдарға  деген  екінші  ассоциациялардың  (яғни, 

ассоциацияларға  ассоциациялар)  семантикалық  ара  қашықтық  матрицаларын  ол 

факторлық  анализ  процедурасына  салды.  Айқындалған  факторлар  мазмұндық 

интерпретация алды және семантикалық құраушы мағына ретінде кӛрінеді. Ассоциативті 

эксперимент  лингвистикалық  және  психологиялық  білім  алудың  әдісі  болып  табылады. 

Сондықтан ассоциативті эксперимент барысында сыналушыларға белгілі бір сӛзге ойыңа 

бірінші келген сӛзбен не сӛз тіркесімен жауап беру ұсынылады, бұл арқылы ӛте қызықты 

нәтижелер алуға болады (15): 

(15) СТУДЕНТ (625 адам) – институт 44, ӛмір бойы 41, студентка 39, кедей 34, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет