Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері


Әлеуметтік әлемдегі Мен. Мен-концепциясы



бет15/44
Дата25.11.2022
өлшемі121,52 Kb.
#52645
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
19.Әлеуметтік әлемдегі Мен. Мен-концепциясы.
"Мен" Тұжырымдамасы – адамның өзі жайлы біршама тұрақты, азды-көпті мәні бар түсініктерінің жүйесі.
"Мен" тұжырымдамасы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам бойындағы “мендік” қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады. Кез келген адамның өз “менін” айыра алуы тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі болып табылады. "Мен" тұжырымдамасы әлеуметтік өзара іс-қимылдың алғышарты мен салдары бола тұра, әлеуметтік тәжірибе барысында анықталады.
Оны құрайтындар:
*шынайы “мен” (осы шақтағы өзі туралы түсінік),
*идеалдық “мен” (өзінің пікірі бойынша, субъектінің моральдық нормаларға бағдар алғанда қандай болуға тиіс екендігі),
*серпінді “мен” (субъектінің қандай болғысы келетіндігі туралы ниеті),
*фантастикалық “мен” (егер мүмкін болса, субъектінің қандай болуды армандайтындығы), т.б.
*"Мен" тұжырымдамасының қалыптасуы адамдар арасында қызмет алмасу жағдайында жүріп, оның барысында субъект “басқа адамға айнадағыдай көрінеді” және сол арқылы өз менінің бейнесін сақтап, айқындайды және түзетеді.


20. Психологиядағы құндылық түсінігін зерттеу. Құндылықтар тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретінде. Тұлғалық құндылықтар. Тұлға құндылықтары – бұл тек қоғамның материалды жəне рухани құндылықтарының индивид санасындағы таңдамалы бейнеленуі ғана емес; индивид, тұлға құндылықтары ретінде индивидке қатысты оның ортасының «сыртқы» болып көрінетін компоненттері болуы мүмкін. Бұл ойлар, сезімдер, түсініктер мен бейнелер елестер мен пайымдаулар тіліне аударылғанда қажеттіліктер мен қызығушылықтар. Алғашқылары біздің бағалауымыздың объектісі болып табылады, олардың құндылығын əлі анықтауымыз қажет. Ал, екіншілері болса, осындай бағалауды іске асыруға мүмкіндік береді, бұл адамдар қоршаған шынайылықты өзі үшін мəнді анықтауға мүмкіндік береді. Əлеуметтік құндылықтар функционалды түрде нақты бір рөлдерді атқарады. Олар адамға өз пікірін білдіруге көмектесетін бағдарлардың адамдар санасында қалыптасуы мен сақталуына негіз болады. Мұндай жағдайда құндылықтар сананың бөлігі болып кетеді. Бұл процесте құндылықтар адамдарды, заттарды, идеяларды жəне жағдайларды адаммен бағаланатын тұлғалық шкаладағы санақтың өзінше бір басы болып табылады. Құндылық бағдар әлеуметтік бағытта, әлеуметтік бағалауда және әлеуметтік қызығушылықта көрінеді. Құндылық жүйесін түсінуге заттар жиынтығы ( еңбек құралдары және тұтыну заттары ) және біржағынан адамның қоғамдық байланыстарын реттейтін қызмет атқаратын , ал екінші жағынан индивидтің өмірін, оның мұрат – арманынжәне теріс императивтарын ұйымдастырып белгілі бір векторда бағыттайтын, яғни оның өмірінің және мінез – құлқының өзіндік мәні негізінде жатқан әлеуметтік маңыздыбасымдылықты қалыптастырудағы ойлар көмектеседі. Дәуірге, мәдениет түрлеріне, әлеуметтік топтарға байланысты, сондай – ақ индивид призма арқылы қоғамның құндылық әсерін қабылдайтын психикалық ерекшеліктер, жеке адамдық құндылық жүйесі өзінің нақты құрылысын қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет