Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері



бет40/44
Дата25.11.2022
өлшемі121,52 Kb.
#52645
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
56Тиімді коммуникация ұғымы.
Тиімді коммуникация – ақпарат алмасу барысында қолайлы қарым–қатынас орнату, алынған ақпаратты қабылдап сенімнен шығу,әңгімелесушіге құрметпен қарап оны мұқият тыңдау, әңгімелесушінің
ойын тусине білу.
«Коммуникация» ұғымы (латынның «communicare» - байланыстыру,
біріктіру деген сөзінен) ақпаратты алу, өңдеу, жеткізу және сақтау
процестерінің жиынтығы болып табылады.
Бұл процестерді жеке бастық-тұрмыстық деңгейден ғаламдықәлеуметтік деңгейге дейінгі ауқымда қарастыруға болады.«Коммуникация» - бұл тілдесу (вербальды) және тілдеспей, ыммен түсінісу (вербальсыз) ақпарат алысу.
Вербальды ақпарат – сөйлем арқылы түсінісу немесе сезімді, ойды,
байқағандарын жазу арқылы жеткізу.
Вербальсыз ақпарат – ақпаратты сөз құрамдарынсыз немесе жазбай-ақ
жеткізу. ХІХғ коммуникация техникалық мағынада «байланыс орнындағы жолдар, құралдары» деп қолданылған. ХХғ әлеуметтік мағынаға ие болған. Тиімді коммуникация – ақпарат алмасу барысында қолайлы қарым–қатынас орнату, алынған ақпаратты қабылдап сенімнен шығу, әңгімелесушіге құрметпен қарап оны мұқият тыңдау, әңгімелесушінің
ойын түсіне білу.
ТИІМДІ КОММУНИКАЦИЯ ДАҒДЫСЫ
*Презентацияларды жүргізу
*Өз ойын анық білдіру
*Өз көзқарасын аргументтеу
*Көпшілік алдында тиімді сөз сөйлеу дағдысыны дамыту
Коммуникация (лат. communicationбайланысамын, катынасамын) (катысым) — адамдардың танымдык-еңбек процесінде катынас жасау, пікір алысу, ой бөлісу — олардың бір-бірімен әрекет жасауының айрықша формасы болып табылады. Адамзаттық коммуникацияның хайуанаттар коммуникациянан басты ерекшелігі — оның тіл арқылы жүзеге асырылатындығында.
Коммуникация коммуникативтік актілерден кұралады, пікір айтушылар, оны түсіндірушілер коммуниканттар деп аталады. Коммуникация үшін тілдік катысымнан басқа , бет-қол кимылы, семиотика жүйесіне жататын музыка ноталары, ойын ережелері, Морзе әліппесі, ЭЕМ бағдарламалары, математика, техника саласына қатысты кибернетика, компьютер жүйесі пайдаланылады.
Сөйлеу аркылы адамдар өзара еркін түсінісе алады. Коммуникациялық кызметте тіл танымдық-белгілік мәнге ие болып, адамды әлеуметтік тұлға дәрежесіне көтерудін маңызды тірегіне айналады. Тек жеке тұлғалардың емес, қоғам мен қоғам мүшелерінің арасын байланыстыратын қызметінін арқасында Коммуникация қоғамның калыптасуына айрықша ықпал етеді.
57.Тиімді коммуникация технологиялары және қағидалары, ережелері, дағдылары, тәсілдері, шарттары. Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету адамдар арасындағы хабар алмасу.
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.
Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады:
-жоғарыдан төменге – жұмысшыларға бұйрық беру.
-төменнен жоғарыға – басшылармен пiкiр алмасу және т.б.
Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай 4 элемент керек.
хабар берушi
мәлiмет
арнайы ақпарат беру құралы
ақпарат алушы
Коммуникация процесi 5 кезеңнен тұрады.
ақпарат алмасудың басталуы, мұнда хабар жiберушiнiң қандай реакция алатынын ашық бiлу керек.
Ойдың символға мәлiметкен айналуы
Коммуникация латын тілінен «communicatio»- хабарлама, жеткізу дегенді және «communicare» - ортақ қылу, әңгімелесу, байланыстыру, хабарлау дегенді білдіреді [8, б.96]. Коммуникацияны зерттеуші ғылыми пәннің атауы – коммуникация, коммуникация теориясы, коммуникацияларжайлы ғылым немесе коммуникология. Коммуникация қалауымызша жүзеге асу үшін сол қатысымға қатысушы субъектілер қарым-қатынасқа түсе алу үшін тіл қажет. Коммуникация үрдіс ретінде әлеуметтік әрекеттің бір түрі болып табылады және адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы мен ақпарат алмасуына бағытталған. Коммуникативтік іс-әрекет басқа іс-әрекеттерден өзінің коммуникация нормаларына бағынатындығымен ерекшеленеді. Кәсіби коммуникация – белгілі бір іскери қызмет саласына бағытталған (өндірістік, ғылыми, педагогикалық, т.б.) іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін қарым-қатынас жасау үрдісі. Кәсіби коммуникация мен коммуникацияның басқа түрлерінің ара жігін нақты ажыратып отырған жөн. Кәсіби коммуникация біріккен еңбек шартында ұйымдасқан бірнеше субъект арасында пайда болады. Іскери қарым-қатынасқа түсуші субъектілер арасындағы өзара түсіністік, іс-әрекеттер келісімділігі, алға қойылған мақсаттардың ортақ болуы дәл осы кәсіби коммуникация сапасына тәуелді. Кәсіби коммуникация ерекшелігі оның ортақ еңбекке қызығушылықтары бір субъектілер арасында болуы. Осындай жағдайда коммуникацияның өз өнімдері болады: ресми келіссөздер, келісімдер және түрлі деңгейдегі хаттамалар. Кәсіби коммуникация – екі жақты үрдіс, екі жақсыз ол өз мақсаттарына жете алмайды. Бұл ұйым өмірінің негізгі шарты.
«Кәсіби коммуникация қазіргі заманда фирманың, ұйымның, кәсіпорынының өмір сүруінің негізі болып табылады. Менеджмент саласындағы мамандар ағылшындық жетекшілердің 63%-ы, американдықтардың 73%-ы, жапондықтардың 85%-ы өз ұйымдарының жетістікке жетер шарттарының бірі ретінде коммуникация деп санап, оған өз уақытының 50%-дан 90%-ға дейінгі бөлігін жұмсайды».
Кәсіби коммуникацияның мақсаттары:
- басқару субъектілері мен объектілері арасындағы ақпарат алмасу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету;
- ақпарат алмасу кезінде тұлғааралық қатынасты жүзеге асыру;
- іскер топтың жеке қызметкерлері немесе топтар арасындағы ақпарат алмасу және олардың іс-әрекеттері мен міндеттеріне бағыт беріп отыратын каналдарын қалыптастыру;
- ақпарат легін реттеу мен рационализациялау.
Кәсіби коммуникация келесі түрлерге бөлінеді:
- ауызша тілдесім негізіндегі тұлғааралық және ұйымдастырушылық коммуникация;
- жазбаша түрде хат алмасу негізіндегі коммуникация.
Тұлғааралық коммуникация өз кезегінде: формальді және ресми болып екіге бөлінеді. Аталған коммуникация түрлері саясат, ереже, лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалып нақты бір ұйым үшін формальді түрде іске асырылады. Ал формальді емес коммуникация ұйым ережелеріне бағынбайды, ұйым қызметкерлері арасында бекіген қарым-қатынас жүйесіне сәйкес іске асырылады.
Тұлғааралық қарым-қатынастар сонымен қатар тағы екі түрге ажыратылады:
- вербальді (сөздік);
- бейвербальді, сөздерді қолданбай-ақ ақпарат алмасуға (мимика, пантомима, жестикуляция, кеңістікті сурет, т.б.) мүмкіндік беретін түрі.
Коммуникацияның вербальді және бейвербальді бірін бірі әрдайым ығыстырып отыруы міндет емес. Себебі, ақпаратты қабылдаған адам оны басқаға тек сөзбен ғана емес, сөзге мимика, жестикуляцияны қоса отырып сол ақпаратты сенімдірек, тартымдырақ етіп таратуы мүмкін.
Кәсіби коммуникацияның негізгі міндеттері – нәтижелі серіктестік, мақсаттар біріктірілуіне деген қызығушылық, қызметтестік қарым-қатынастарды жетілдіру.
Кәсіби коммуникация амалдарын меңгеріп алу, мамандарға өз қызметтестерімен ыңғайлы психологиялық қатысымды құрай отырып, әріптестікке әкелетін түрлі стратегиялар мен тактиканы пайдаланып нәтижелі қызмет ету мүмкіндіктерін береді. Ал бұл, өз кезегінде келіссөздер мен кеңестер нәтижесінде шығуы мүмкін теріс шешімдер шығару қаупінен сақтайды.
Тәжірибеде көптеген өндірістік сұрақтар ұжымдық талқылау мен шешімді қажет етеді. Кәсіби коммуникацияның жалпыға белгілі түрлері болып менеджер, заңгер, релайтер, т.б. іскери әңгімелері, келіссөздер, жиналыс, конференция, түрлі іскери кездесулер болып табылады.
Кәсіби коммуникацияның дәстүрлі жанрында (ашық сөйлеу, интервью, комментарий, кеңес беру) жаңа шарттар негізінде тек өзін-өзі ұсына алатын ғана емес, сонымен қатар өз қызмет орнының философиясын, ұйымдастырушылық құндылықтарын, корпоративітк мәдениетін және тұтынушылық нарықтың, байланыс аудиториясының, басшылық құрылымын насихаттай алатын фирмалар мен әріптестер коммуникативтік стратегиялары жүзеге асырылады. Бұл жанрлардың көпмақсатты сипаты өзінің коммуникативтік стратегияларын, технология және басқа процедураларының болуын талап етеді.
Кәсіби коммуникацияның арнайы жанрларына көбінесе жиналыс, отырыс пен конференциялар сияқты кәсіби қарым-қатынас түрлерін құрайтын пікірталас, дискуссия, полемика, дебатты жатқызуға болады.
Кәсіби коммуникацияның әрбір түрінің ерекшелігі келесідей белгілерді қамтиды:
- өткізу мақсаты (не үшін?);
- қатысушылар құрамы (кім? кіммен? кімге?);
- регламент (қанша уақыт алады?);
- өткізудің коммуникативтік амалдары (қалай?);
- кеңістік ортасын ұйымдастыру (қайда?);
- күтілетін нәтиже (қандай? неге қол жетті?).
Іскери тілдесімдер 5 сатыдан тұрады:
1. Тілдесім басы;
2. Ақпарат жіберу;
3. Аргументермен дәлелдеу;
4. Тілдесуші әріптестің болжамдарын даттау;
5. Шешімдер қабылдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет