Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері


Раушан/Сыртқы келбет имидждің бір бөлігі ретінде



бет43/44
Дата25.11.2022
өлшемі121,52 Kb.
#52645
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
61.Раушан/Сыртқы келбет имидждің бір бөлігі ретінде.
Имидж – ұлғайтқыш әйнек сияқты, адамның дербес және іскери қасиеттерін қоғамға әлдеқайда жақсы көрсетуге мүмкіндік береді. Соның арқасында күнделікті қарым-қатынасқа ығайлылық әкеліп, жұмыс орнында жағымды жағдай жасауға болады. Менеджерлік қызмет ұйымдастыру мен клиенттермен жұмыс жасайтын адамның жағымды болмауына мүмкіншілік бермейді. Бүгінгі күнде, магнит сияқты тартымды менеджер болу өте қиын, бірақ сондай болуға тырыспайтын адамда одан да көп қиындықтар туындайды. Имиджеология – аса маңызды прагматикалық тәртіп. Блез Паскаль «көндіру тәсілі» мен «ұнау тәсілі» туралы жазған, және оның айтуы бойынша, соңғы тәсіл адамға ықпал етудің ең тиімдісі екен.
Имидж — өнер ретінде мақсатты түрде адамның өзін, не бұқаралық ақпарат арқылы белгілі бір зат немесе адам жөніндегі керек мәліметті бейнелеп керсету.
Оған жарнаманы да қосyға болады. Имидж қолданбалы өнердің құрамдас бөлігі және бедел мен абыройын, қажеттілігін арттыру үшін де қажет. Сондай-ақ, имидж әлеуметтік-саяси бағытта да адамның бағасын арттыруға ықпал етер маңызы бар.
Бәріңізге белгілі, адамдар алғаш көргеннен-ақ, сіз еш нәрсе айтып үлгерместен , тек сыртқы келбетіңізге қарап сіз жайлы өз ойын түйіндейді. Сіздің басқаруыңызбен презентация өткізілсе де, клиентпен немесе партнермен кездесу болса да,жұмыскерлер алдында сөз сөйлеу немесе екі ауыз сөз, қай кезде болмасын сіздің сыртқы келбетіңіз таң қаларлық жағдайда болуы өте қажет.
Егер де сыртқы келбетіңіз көңілге жағымды, әрі тартымды болса, онда алғаш кезден-ақ өзіңізге назар аударуыңыз сөзсіз, ал егер жағымсыз, ұнамсыз болсаңыз, керісінше, ол бастан-ақ өзіңізден алшақтатып алуыңыз мүмкін. Кажетті сыртқы келбетініздің болуы әлі басты жайт емес.
Өзіңізді еркін, сенімді ұстауыңыз және соны клиентініздің сезінуі кажет. Егер сіз жақсы киінген, әдемі таранған, өзіңізді физикалық жаксы сезінсеңіз, онда сіздің тартымдылығыңыз алғаш кезден-ақ байқалады. Егер де өзіңізді сенімсіз ұстасаңыз , кейбір көрсеткіштер шамаңызға сай келмесе, онда соны ойлап назарыңыз сол бөлшекке бөліне бермек. Сізді қоршаған адамдар бәрі жақсы, сырт келбетіңіз әдемі дегенімен, өзіңіз сенімсіз болып , өзіңіздің жағдайыңыздың мәз еместігін қалай сезінсеңіз, солай қоршаған ортаға, қоршаған адамдарға әсер етесіз. Сондықтан бар пәрменіңізді салып өзіңізге берер бағаны жоғарлатып, сенімді ұстансаңыз, сыртқы келбетінізден тек жағымды әсер аласыз.
Кәсіпкер болыңыз, саясаткер болыңыз немесе менеджер болсаңыз да — кез-келген жағдайда келер күннің өтер ырғағын, сол бір таңғы тазалану, киім таңдау барысында ұсынасыз. Жағымды эмоциялар келер күннің ойдағыдай жақсы, көңілге жағымды, еңбекте жемісті өтуінің кепілі. Ал, жағымсыз эмоциялар — сенімсіздік шенберін айналдырып, сізді тек шығын мен қатерге алып келуі шындық. Менеджер — еңбек үлгісіне қатысты әр кезде қоршаған адамдардың көз алдында болуы, өзін сенімді, тартымды ұстанып, кез-келген жағдайда басқалардың көңілінен шығатындай қозғалыста болуы тиіс. Ол әрқашан өзінің киім кию үлгісінің жоғарғы сатыда екендігіне, жұмысқа деген дайындығының жоғарғы сапада екендігіне күманданбауы тиіс. Консервативті немесе классикалық стиль әрқашан ол адамның жақсы талғам үлгісінде екендігін бейнелейді. Жағымды , ұстамды киім еңбекте сізге тірек болады. Сондай-ақ, клиентіңіздің сіздің киіміңізді емес сізді көре алуын қамтамасыз етеді. Киіну үлгісі сіздің талпынысыңыз, біліміңіз тағы сол сияқты сіз жайында көп нәрсе бейнелейді. Әйел адамдарға консервативті киінуіне болады. Сол киіну кезінде өзінің ерекшелігін көрсететін шарф немесе қымбат бағалы әшекей бұйымдар тағуы, қатаң үлгідегі консервативті киімге өз әдемілігін енгізер еді. Егер де киіміңіз сізге қызмет істеп, келбетіңізді ашып, жағымды әсер әкелетіндігіне сенімді болсаңыз, ойыңызды түгелдей жұмысқа бағыттай аласыз.

62.Белсенді тыңдау техникалары. Келіссөз процесінің технологиясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет