4. Кері байланыс - студенттер басқа әріптестеріне қарағанда мұғалімнен жақсы ақпарат алады.
Пигмалион әсері жеңіл атлетика, бизнес, әсіресе, білім салаларында кең түрде зерттелді. Аталған әсер бизнесте қызметкерлерінің жетістігіне тікелей байланысты болатын менеджерлердің жарқын табысынан көрініс алады.
Дж. Ливингстонның зерттеулерінде айтылып кеткендей: "Менеджерлердің қол астындағы адамдардың жетістігі менеджерлердің солардан күткен үмітіне байланысты".
Пигмалион әсеріне қатысты оқу залында Роберт Розенталь мен Леонора Якобсон деген ғалымдар зерттеу жасап көрген: ұстаз тарапынан көп үмітке ие студент әрқашан биіктен табыла бермек.
Овертон терезесі.
Овертон терезесі (дискурстық терезе) - бұл теория немесе тұжырымдаманың көмегімен кез келген идеяны қоғамның санасына енгізуге болады. Мұндай идеяларды қабылдау шектері Овертон теориясымен сипатталған және өте нақты қадамдардан тұратын дәйекті әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бұл тұжырымдама 90-жылдардың ортасында осы теорияны ұсынған америкалық әлеуметтанушы Джозеф Овертонның құрметіне аталған. Модельді қолдана отырып, Овертон қоғамдық пікірді және оның қабылдану дәрежесін бағалауды ұсынған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |