Психология ғылым ретінде. Психикалық қызмет туралы түсінік. Жеке тұлғаның негізгі психикалық процестері, қасиеттері мен жай-күйі. Психология салалары. Психология әдістері



бет2/2
Дата23.11.2022
өлшемі17,94 Kb.
#52133
1   2
3. Психология салалары
Осы заман психологиясы көп тармақты бiлiмдер жүйесi ретiнде танылып, əртүрлi еңбек тəжiри-бесiмен байланысуда. Əдетте, психология салаларын жiк-теудiң негiзгi принципi - психиканың iс-əрекетте даму принципi. Сондықтан, көбiнесе психология салаларын топтастыру негiзiне адамдардың əртүрлi еңбектiк əрекеттерi алынады. Осыған орай психология келесi салаларға бөлiнедi.
Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнiмге бағыт-талған əрекетiнiң психологиялық ерекшелiктерiн, еңбектi ғылыми ұйымдастырудың психологиялық тараптарын зерттеумен бiрге психология ғылымының дербес салаларына айналған бiлiмдерге жiктеледi. Олардың iшiнде: инженерлiк психология, авиация психологиясы, ғарыштық психология т.б. бар.
Педагогикалық психологияның қызметi адамды оқыту мен тəрбиелеудiң психологиялық заңдылықтарын ашу. Оның бөлiмдерi: оқу психологиясы, тəрбие психологиясы, сондай-ақ мұғалiм психологиясы, дамуы жетiмсiз балаларды оқытутəрбиелеу психологиясы.
Медициналық психология дəрiгер қызметi мен сырқат адам мiнез-құлығының психологиялық мəнiн зерттейдi. Ол психикалық құбылыстардың ми физиологиялық құрылымдарымен байланысын айқындаушы нейропсихология; емдiк дəрiлердiң адамның психикалық жағдайына ықпалын белгiлеушi фармакопсихология; науқасты емдеуде қолданылатын психикалық əсерлердi зерттейтiн психотерапия; психикалық алдын алу профилактика жəне психогигиена тарауларына бөлiнедi.
Заң психологиясы құқық жүйесiн iске асыруға бай-ланысты психикалық мəселелердi қарастырады. Онда бiрнеше салаларға жiктеледi: қылмыскер психологиясы, үкiм шығару-шы мен орындаушы психологиясы жəне т.б.
Əскери психология адамның соғыс жағдайындағы қылық-əрекетiн; қолбасшы мен оның билiгiндегi сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологиялық тараптары, əскердi рухтандырушы үгiт-насихат психологиясының əдiс-терiн жəне т.б. зерттейдi.
Аталған топ қатарына спорт, сауда, ғылым жəне өнер шығармашылық психологиясы да кiредi.
. Психология әдістері
Əрқандай ғылым сияқты психология да қилы əдiстердiң тұтас жүйесiн пайдаланады. Қазiргi заман ғылыми психо-логиясында əдiстердiң келесi 4 тобы қолданымын табуда:
Ұйымдастыру əдiстерi өз iшiне салыстыру əдiсi (əрқандай топты жасы, қызметi т.б. бойынша салыстыра, зерттеу); лонгитюд əдiсi (бiр адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап, зерттеп бару); комплекстiк əдiс (зерттеуге əртүрлi ғылымдар өкiлдерi қатысып, бiр объектiнi жан-жақты, əртүрлi құралдармен зерттеу). Мұндай зерттеудiң нəтижесiнде сан қилы құбылыстар мен байланыстар жəне тəуелдi қатынастарды ашу мүмкiндiгi туады. Мысалы, жеке адамның физиологиялық, психологиялық жəне əлеуметтiк тұрғыдан даму байланысы.
Эмпирикалық əдiстер. Бұл топқа енетiндер: бақылау мен өзiндiк бақылау,эксперименталды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) əдiстер; психологиялық болжау (психодиагностика): тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, əңгiмелесу əдiстерi; шығармашылық, iс-əрекет өнiмдерiн талдау əдiстерi; өмiрбаянымен танысу əдiстерi.
Деректердi өңдеу əдiстерi: сандық (статистикалық) жəне сапалық (алынған материалды топқа жiктеу, талдау) əдiстерi.
Реттеу - түзету əдiстерi: аутотренинг, топ тренингi, психотерапиялық ықпал ету əдiсi, оқу-үйрету əдiсi.
Амирхан Мерей 117 ом

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет